Директорлар кеңесі компания стратегиясын дайындау, қызметін жалпы басқару және атқарушы орган қызметін бақылау үшін жауап беретін «Эйр Астана» АҚ басқару органы болып табылады. Директорлар кеңесі өз қызметтерін Жарғыға, Корпоративтік басқару Кодексіне жəне компанияның басқа ішкі құжаттарына сəйкес жүзеге асырады.

Компанияның жетістіктерінің негізінде сенімді жұмыс пен стратегиялық шешімдер қабылдауды қамтамасыз ететін берік корпоративтік құрылым жатыр. Аймақтағы және одан тыс жерлерде саладағы жетекші операциялық көрсеткіштер біздің корпоративтік сәйкестікті айқындайтын орнықты құндылықтар мен миссияға сәйкес келеді. 

Директорлар кеңесі тоғыз мүшеден тұрады, олардың кем дегенде үштен бірі тәуелсіз директорлар болуы керек. Директорлар кеңесіне Бас атқарушы директор кіруі керек. Директорлар кеңесін Акционерлердің жалпы жиналысы сайлайды.

profile pictre

Нурлан Жакыпов

Директорлар кеңесінің төрағасы

Атқарушы емес директор

profile pictre

Айдар Рыскулов

Директорлар кеңесінің мүшесі

Атқарушы емес директор

profile pictre

Питер Фостер

Директорлар кеңесінің мүшесі

Бас атқарушы директор

Нурлан Жакыпов

Сайланған күні: 2023 жылғы желтоқсан

Қайта сайланған күні: 2026 жылдың ақпаны

 

Біліктілігі мен тәжірибесі:

Нурлан Жакупов Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған. Ол экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне, сондай-ақ «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша экономика магистрі және бакалавры дәрежелеріне ие.

Жакупов мырза өзінің кәсіби мансабының елеулі бөлігін халықаралық банк ісі мен қаржы институттары саласында қалыптастырып, әлемнің жетекші банктерінде жоғары лауазымдар мен басшылық қызметтер атқарды. Оның кәсіби тәжірибесіне Royal Bank of Scotland, UBS және Credit Suisse ұйымдарындағы қызмет кіреді, онда ол қаржы, инвестициялар және талдамалық зерттеулер бағыттарында жұмыс істеді. Сондай-ақ, ол UBS-тің Астанадағы кеңсесін басқарды, бұл оның халықаралық қаржы нарықтарындағы басқарушылық бейінін одан әрі нығайтты.

Сонымен қатар, Жакупов мырза Қазақстанда Rothschild & Co компаниясының өкілі болып, инвестициялар, даму және стратегиялық қаржылық шешімдер мәселелері бойынша кеңес берді. Оның жеке сектордағы жұмыс тәжірибесіне Chambishi Metals Plc және Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық сияқты халықаралық және инвестицияға бағытталған ұйымдардағы қызметі де кіреді.

2023 жылғы сәуір айында Жакупов мырза халықаралық банк ісі, инвестициялар және корпоративтік қаржы салаларындағы терең сараптаманы жоғары басшылық тәжірибесімен ұштастырған кәсіби жолының нәтижесінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Бас атқарушы директоры болып тағайындалды.

 

Өзге тағайындалулары:

  • «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы
  • «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы
  • Қазақстан Республикасының су спорт түрлері федерациясының Президенті

 

Комитеттердегі мүшелігі:

Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеті - комитет мүшесі

 

Атқарушы емес директор «Самұрық-Қазына» АҚ акционерінің өкілі 

Айдар Рыскулов

Сайланған күні: 2023 жылғы қыркүйек

Қайта сайланған уақыты: 2026 жылдың ақпаны

 

Біліктілігі мен тәжірибесі:

Айдар Рыскулов Назарбаев Университетінің іскерлік әкімшілендіру магистрі (басшыларға арналған MBA бағдарламасы) дәрежесіне ие. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Қаржы және несие» мамандығы бойынша түлегі. Қаржы саласында 20 жылдан астам уақыт басшылық қызметтерді атқарды. Более 20 лет занимал руководящие должности в финансовой отрасли. Ол түрлі компаниялар мен банктердің, оның ішінде Sekerbank T.A.S. (Түркия), Қазақстанның Даму Банкі, Қазақстанның Инвестициялық қоры, «KazExportGarant», «Альянс Банк» және «Самұрық-Қазына Финанс» ұйымдарының директорлар кеңестерінің мүшесі болды.  

 

Өзге тағайындалулары:

  • «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
  • «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

 

Комитеттердегі мүшелігі:

Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеті – комитет мүшесі

 

Атқарушы емес директор «Самұрық-Қазына» АҚ акционерінің өкілі

Питер Фостер

Сайланған уақыты: 2019 жылғы тамыз

Қайта сайланған күні: 2026 жылдың ақпаны

 

Біліктілігі мен тәжірибесі:

Питер Фостер 2005 жылғы қазан айынан бастап «Эйр Астана» АҚ Бас атқарушы директоры қызметін атқарып келеді. 1982 жылы Кембридж университетін тәмамдағаннан кейін ол Cathay Pacific Airways Ltd. компаниясының иесі болып табылатын John Swire and Sons (HK) Ltd. компаниясында басшы-тағылымгер ретінде авиациялық тасымал саласындағы еңбек жолын бастады. 1982-1999 жылдар аралығында Cathay Pacific Airways компаниясында Гонконгта, Азияда, Австралияда және Еуропада түрлі басшылық лауазымдарды атқарды, сондай-ақ Франциядағы INSEAD бизнес мектебінде басқару бойынша білім алды. 1999 жылы Фостер мырза Cathay Pacific Airways компаниясынан кетіп, Philippine Airlines Inc. компаниясының дағдарысқа қарсы бөлімшесін басқарды. 2002-2005 жылдары Royal Brunei Airlines компаниясының Бас атқарушы директоры қызметін атқарып, кейін «Эйр Астана» АҚ Бас атқарушы директоры лауазымына тағайындалды. 2015 жылы Питер Фостер Ұлыбритания алдындағы айрықша еңбегі үшін корольдік жаңа жылдық марапаттар тізіміне енгізіліп, Қазақстандағы британдық авиацияның дамуына қосқан үлесі үшін Британ империясы орденінің кавалері (OBE) атағына ие болды.

 

Басқа тағайындаулар

  • «FlyArystan» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы
  • «Air Astana Terminal Services» ЖШС Бақылау кеңесінің Төрағасы

 

Комитеттердегі мүшелігі:

Жоқ

profile pictre

Бахытжан Таубаев

Директорлар кеңесінің мүшесі

Атқарушы емес директор

profile pictre

Ельдар Абдразаков

Директорлар кеңесінің мүшесі

Тәуелсіз атқарушы емес директор

profile pictre

Джанет Хэкман

Директорлар кеңесінің мүшесі

Тәуелсіз атқарушы емес директор

Бахытжан Таубаев

Сайланған күні: 2026 жылдың ақпаны

 

Біліктілігі мен тәжірибесі:

Бахытжан Таубаев Қазақстан-Британ техникалық университетінің және Турин политехникалық университетінің түлегі, магистр.

Мұнай-газ саласында инженерлік және басшылық лауазымдарда 17 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Әр жылдары бұрғылау жөніндегі инженерден бастап өндірістік блоктың басшысы, бас директордың бірінші орынбасары және операциялық әрі өндірістік ұйымдарда өндіріс жөніндегі директор лауазымдарын атқарды.

2023–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің газ өнеркәсібі департаментінің директоры қызметін атқарды.

2025 жылғы сәуірден бастап, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директоры.

Мемлекеттік және салалық марапаттардың иегері.

 

Өзге тағайындалулары:

  • «Самұрық-Қазына» АҚ стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директоры
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі
  • «QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

Комитет мүшелігі:

ESG мәселелері жөніндегі комитеті - комитет мүшесі

 

 

Атқарушы емес директор «Самұрық-Қазына» АҚ акционерінің өкілі

Ельдар Абдразаков

Сайланған күні: 2020 жылғы наурыз

Қайта сайланған күні: 2026 жылдың ақпаны

 

Біліктілігі мен тәжірибесі:

Ельдар Абдразаков Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бакалавр және ғылым магистрі дәрежелеріне ие. Сондай-ақ, ол Бостондағы (АҚШ) Гарвард бизнес мектебінің «Жалпы әкімшілік» бағдарламасы бойынша түлегі болып табылады. Ельдар коммерциялық және инвестициялық банкинг саласында 30 жылдан астам уақыт бойы басшылық лауазымдарды атқарып келеді. 1995-2003 жылдары аралығында «Қазкоммерцбанк» АҚ-да (ҚАЗКОМ) басқарушы директор қызметін атқарды, 2002-2004 жылдары «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ-ның Бас атқарушы директоры болды, ал 2004 жылдан бастап «Сентрас» тобының негізін қалаушы және Бас атқарушы директоры болып табылады. Ельдар Абдразаков Ұлыбританиядағы Халықаралық директорлар институтының (IoD) дипломды директоры, сондай-ақ Қазақстанның Бәсекеге қабілеттілік кеңесінің Төрағасы болып табылады.

 

Өзге тағайындалулары:

«Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) Директорлар кеңесінің мүшесі

 

Комитеттердегі мүшелігі:

Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеті - комитет мүше

Аудит жөніндегі комитеті - комитет мүше

ESG мәселелері жөніндегі комитеті - комитет Төрағасы

Джанет Хэкман

Сайланған күні: 2019 жылғы қаңтар

Қайта сайланған күні: 2026 жылдың ақпаны

 

Біліктілігі мен тәжірибесі:

Джанет Хэкман Вашингтондағы (Колумбия округі) Джорджтаун университетінде дипломатиялық қызмет саласы бойынша ғылым магистрі дәрежесіне ие. 1980 жылдан бастап 2012 жылға дейін Citi компаниясында әртүрлі лауазымдарды атқарып, корпоративтік банктік қызмет көрсету саласына маманданған. 2008-2012 жылдары Алжирдегі корпоративтік және инвестициялық банкинг операциялары бойынша Citi компаниясының басқарушы директоры қызметін атқарды. 2012 жылы Хэкман ханым Еуропалық қайта құру және даму банкіне (ЕҚДБ) Қазақстан бойынша директор лауазымына ауысты. 2017 жылғы қаңтардан 2019 жылғы желтоқсанға дейін ЕҚДБ-ның Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі өңірі (SEMED) бойынша басқарушы директоры қызметін атқарды.

 

Өзге тағайындалулары:

  • Тәуелсіз директор - Astana International Exchange (AIX) Директорлар кеңесінің мүшесі
  • Тәуелсіз директор - «Ситибанк Қазақстан» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
  • Тәуелсіз директор - TBC Bank (Georgia) PLC Бақылау кеңесінің мүшесі

 

Комитеттердегі мүшелігі:

Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеті – комитет Төрағасы
Аудит жөніндегі комитеті – комитет мүшесі
ESG мәселелері жөніндегі комитеті - комитет мүшесі
Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеті – комитет мүшесі

profile pictre

Кит Гэбел

Директорлар кеңесінің мүшесі

Тәуелсіз атқарушы емес директор

profile pictre

Гарри Кингшотт

Директорлар кеңесінің мүшесі

Тәуелсіз атқарушы емес директор

profile pictre

Дияс Асанов

Директорлар кеңесінің мүшесі

Тәуелсіз атқарушы емес директор

Кит Гэбел

Сайланған күні: 2020 жылғы наурыз

Қайта сайланған күні: 2026 жылдың ақпаны

 

Біліктілігі мен тәжірибесі:

Кит Гэбел қаржылық есептілік және корпоративтік басқару саласындағы жетекші сарапшы болып табылады. Халықаралық кәсіби бухгалтерлер қауымдастықтарына кіретін ірі халықаралық бухгалтерлік фирмаларда 25 жылдық еңбек жолында Гэбел мырза түрлі лауазымдарды атқарды, оның ішінде ТМД елдерінің клиенттері үшін қаржылық есептілікті дайындау жөніндегі топтың жетекшісі қызметін атқарып (2000 жылдан бастап 2004 жылға дейін PricewaterhouseCoopers компаниясында және 2004 жылдан бастап 2008 жылға дейін Ernst & Young компаниясында), халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының бірқатары бойынша әлемдік деңгейде танылған сарапшы ретінде мойындалды. Сонымен қатар, әлемдік деңгейдегі сарапшы ретінде ол әртүрлі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын әзірлеуге қатысты. Қаржылық есептілікті дайындау жөніндегі топтың жетекшісі ретінде ол бағалы қағаздарды жария орналастыруды жүзеге асыру барысында клиенттерге қолдау көрсетіп, қаржылық есептілік пен корпоративтік басқару талаптарының сақталуына талдау жүргізді. 2008-2013 жылдары Гэбел мырза Ernst & Young компаниясының Орталық Азия және Кавказ елдері бойынша басқарушы серіктесі қызметін атқарды.

 

Өзге тағайындалулары:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық төлем корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің Тәуелсіз директоры

 

Комитеттердегі мүшелігі:

Аудит жөніндегі комитеті - Комитет Төрағасы

Гарри Кингшотт

Сайланған күні: 2019 жылғы тамыз

Қайта сайланған күні: 2026 жылдың ақпаны

 

Біліктілігі мен тәжірибесі:

Гарри Кингшотт 1975 жылы Сидней қаласындағы Жаңа Оңтүстік Уэльс университетін «Маркетингті жоспарлау» мамандығы бойынша тәмамдаған, сондай-ақ 1999 жылы Пенсильвания университетінің Уортон бизнес мектебінде «Стратегиялық ойлау және менеджмент» бағдарламасы бойынша білім алған.

Кең тұтынылатын тауарлар саласындағы табысты мансабынан кейін (1974 жылдан бастап 1990 жылға дейін) Гарри Кингшотт 1990 жылы Аустралиядағы Ansett Airlines компаниясына жұмысқа орналасып, авиация индустриясына көшті. Ол авиация, туризм және әуе тасымалы индустриясында үш құрлықты қамтитын 35 жылдық жұмыс тәжірибесіне ие. 2008 жылан бастап 2016 жылға дейін Кингшотт мырза Cebu Air Inc. компаниясының бас директоры қызметін атқарып, 2010 жылы табысты IPO өткізуге жетекшілік еткен, ал 2022 жылғы маусымға дейін Cebu Air Inc. компаниясының Консультативтік кеңесінің мүшесі болған.

1996 жылдан бастап, Кингшотт мырза әртүрлі компанияларда, оның ішінде әуе компанияларында және авиациямен байланысты кәсіпорындарда, туристік агенттіктерде, туризм және қаржылық қызметтер саласындағы компанияларда директор лауазымдарын атқарып келеді. Ол Аустралиялық компания директорлар институтының (MAICD) мүшесі болып табылады.

 

Өзге тағайындалулары:

жок

 

Комитет мүшелігі:

Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеті – комитет мүшесі
Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеті – комитет мүшесі.

Дияс Асанов

Сайланған күні: 2024 жылғы мамыр

Қайта сайланған күніі: 2026 жылғы акпан

 

Біліктілігі мен тәжірибесі:

Дияс Асанов АҚШ-тың Вест-Пойнттегі Әскери академиясында халықаралық қатынастар және инженерлік жүйелерді басқару салалары бойынша бакалавр дәрежесін, сондай-ақ Қазақстандағы Қазақ мемлекеттік заң университетінде халықаралық құқық мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.

Соңғы төрт жыл ішінде Асанов мырза Siemens компаниясының Қазақстан және Орталық Азия өңіріндегі бас директоры, сондай-ақ өңірдегі «Цифрлық индустриялар» және «Ақылды инфрақұрылым» бөлімшелерінің басшысы қызметтерін атқарды. Бұған дейін ол Siemens Energy компаниясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңірлері бойынша құқықтық мәселелер жөніндегі директоры болған. Асанов мырзаның инженерия, көлік және коммуникациялар салаларындағы ауқымды тәжірибесі компанияның дамуының келесі кезеңін, әсіресе цифрландыру жоспары аясында, қолдауда маңызды рөл атқарады.

 

Басқа тағайындаулар

  • Siemens компаниясының Қазақстан және Орталық Азиядағы бас директоры
  • Қазақстандағы Еуропалық бизнес қауымдастығы Директорлар кеңесі Төрағасының орынбасары
  • «Қазақстан Республикасындағы Германия экономикасының одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің Төрағасы

Комитет мүшелігі:

ESG мәселелері жөніндегі комитеті - комитет мүшесі
Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеті – комитет мүшесі
Аудит жөніндегі комитеті – комитет мүшесі
Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеті – комитет мүшесі

 

Персоналмен өзара қарым-қатынас жөніндегі тәуелсіз атқарушы емес директор