Акционерлер

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – акциялардың 41%.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2008 жылғы 3 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы қаулысына сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ және «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ біріктіру жолымен құрылды.

Тіркелген мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы,
010000, Астана қаласы,
Сығанақ көшесі, 17/10 үйі


BAE Systems (Kazakhstan) Limited – акциялардың 16,95%.

BAE Systems (Kazakhstan) Limited – әуе, жер үсті, теңіз және космостағы озық қорғаныс пен аэрокосмостық жүйелерді әзірлеу, жеткізу және қолдаумен айналыстаын BAE Systems plc британ корпорациясының еншісіндегі компания.

Тіркелген мекен-жайы:
PO Box 87
Warwick House
Farnborough Aerospace Centre
Farnborough
Hampshire
GU14 6YU
United Kingdom

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ  акциялардың 6,5%.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ («БЖЗҚ» АҚ) 2013 жылғы 22 тамызда «МЖЗҚ» Мемлекетт ік жинақтаушы зейнетақы қоры негізінде құрылды. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы «БЖЗҚ» АҚ-ның құрылтайшысы әрі акционері болып табылады.

 

Басқа акционерлер – акциялардың 35,55%.

Акционерлердің жалпы жиналысы

Акционерлердің жалпы жиналысы компания қызметіне байланысты барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға өкілетті «Эйр Астана» АҚ жоғарғы органы болып табылады. Оның міндеттері мен қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасы, сонымен қатар Жарғы ережелері және компанияның ішкі құжаттарымен анықталады.