Компания туралы
Біз екі көшбасшы брендіміз – Air Astana мен FlyArystan арқылы әлемнің 21-дан астам еліне ұшатын 60 бағдар бойынша қызмет көрсететін Орталық Азиядағы жетекші әуекомпаниямыз. Біз 20 жыл сайын көлемі екі есеге ұлғайып отыратын авиация саласының дамуында қозғаушы күш болып табылатын әлемдегі ең жылдам өсіп келе жатқан авиация нарықтарының бірінің қақ ортасында жұмыс жасаудамыз.
Қызметкерлер штатымыз 5000-нан астам адамнан тұрады. Біз компаниямызда жоғары кәсіпқойлық пен сапа, жұмысты үлкен мақтаныш және жоғары стандарттарды қолдауға бел байлау сезімімен орындау негізге алынған корпоративтік мәдениетті қалыптастырдық.
“ Air Astana Қазақстанның әуетасымалдары нарығында, сондай-ақ көршілес елдердің жылдам өсіп келе жатқан нарықтарында айқын артықшылыққа ие... Нарық көшбасшысы ретінде жолаушыларға баға мен сапаның оңтайлы арақатынасын ұсынамыз, жоғары жайлылық деңгейі мен рейстердің уақытылы жөнелтілуін қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Нақ осы себепті компания салада әрдайым лайықты танымалдыққа ие болады. ”
Қанат Алпысбаев
Директорлар кеңесінің төрағасы
Біздің брендтеріміз
Бізді бірегей ететін не
Сапа
Жолаушылардың үміттері жайлылық пен қызмет көрсету стандарттарына, сондай-ақ тиянақтылық пен сенімділікке байланысты қалыптасады. Біз билетті сатып алған мезеттен бастап және бүкіл ұшу сапары бойында клиенттерге қызмет көрсетудің ең жақсы сапасын қамтамасыз етуге тырысамыз.
Тиімділік
Тиімділікті барынша қамтамасыз етуге баса назар аударудың арқасында меншікті өзіндік құнды төмен деңгейде сақтап қалудың сәті түседі. Бұл табысқа жетуімізге септігін тигізетін негізгі стратегиялық артықшылық отын бағасының жоғарылауы сияқты тәуекелдерді еңсеруге көмектеседі және жаңа мүмкіндіктерді ашады.
Қауіпсіздік
«Эйр Астана» компаниясының қауіпсіздік саласындағы көрсеткіштері мінсіз. Ең жоғары қауіпсіздік стандарттарын сақтау біздің күнделікті қызметіміздің ажырамас бөлігі болып табылады, біз техникалық және пайдалану қауіпсіздігінің ең жоғары халықаралық стандарттарына толық сәйкес келеміз.
Марапаттары және танылуы
- «Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуекомпания» номинациясында 2019 жылғы Skytrax World Airline Awards сыйлығы – сегізінші жыл қатарынан.
- World Travel Catering & Onboard Services Expo 2019 борттағы тамақтану мен қызмет көрсетудің бүкіләлемдік көрмесіндегі марапаттары.
- TripAdvisor 2018 және 2019 сыйлығын иеленуші.
- 2018 және 2019 жылғы APEX қауымдастығының жыл сайынғы әуекомпаниялар рейтингіндегі «5 жұлдыз».
- 2019 жылғы OAG «Тиянақтылық лигасы» – әлемдегі ең тиянақты әуекомпаниялар санатында 12-орын және Азия-Тынық мұхит аймағының тасымалдаушылары санатында 7-орын.
- Travel Plus Amenity Bag Awards сыйлығынан бизнес- және эконом-класс үшін алтын марапаттың берілуі (Еуропа/Африка).
- «Орташа қашықтық рейстеріндегі үздік бизнес-класс» номинациясындағы Business Traveller Award сыйлығының жеңімпазы.
- Электрондық коммерцияны дамытқаны үшін Visa Inc 2018 марапаты.
- Жұмыс берушілер арасындағы брендинг жөніндегі әлемдік көшбасшы – Universum агенттігінің нұсқасы бойынша Қазақстанда 2018 және 2019 жылдағы ең тартымды жұмыс беруші.
Қазақстан туралы
Қазақстан аумағы бойынша әлемдегі ең ірі елдердің бірі болып табылады және Орталық Азиядағы ең үлкен әрі жылдам өсіп келе жатқан экономикалардың біріне ие. Соңғы онжылдықта ЖІӨ өсімі орташа есеппен 8 %-ды құрады1. Елде орта таптың өсуіне ықпал ететін жас және білімді халықтың едәуір бөлігі бар. Қазақстандағы авиация нарығы екі негізгі өсу көзін пайдалана алады.
Бір жағынан, ішкі жолаушылар нарығы жеткілікті дәрежеде дамымай отыр. Халықтың 10 %-дан аз бөлігі ел ішінде ұшатындықтан, нарықты ынталандыру үшін едәуір әлеует бар. Қазақстандағы әуетасымалдар саны соңғы онжылдықта екі есеге артып, 8 миллион жолаушыға жетті. 2018 жылы ол 7 %-ға ұлғайды, бұл елдің ұшу сапарларына деген қажеттілігін көрсетеді.
Екінші жағынан, Қазақстан Еуразияның орталығында орналасқан, ол өсіп келе жатқан Қытай, Үндістан және Ресей нарықтарын қамтып, осы нарықтарды біріктіретін ыңғайлы хабқа деген сұраныстың өсе түсуінің арқасында транзиттік тасымалдардың едәуір артуына мүмкіндік жасайды. 2018 жылы Қазақстандағы транзиттік трафик 40 %-ға артты2, бұл аймақтағы транзиттік тасымалдардың зор әлеуетін айғақтайды.
1 Халықаралық валюта қоры
2 Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті