Алматы, Қазақстан – Air Astana тобы («Компания» және оның еншілес компаниясы FlyArystan-мен бірге «Топ»), кірісі мен әуе флотының көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі ең ірі әуе компаниялар тобы, 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған қаржы жылы үшін дивиденд төлеуді Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына ұсынғанын хабарлайды

31 наурыз 2026

Дивидендтерді төлеу туралы ұсыныс

 

Алматы, Қазақстан – Air Astana тобы («Компания» және оның еншілес компаниясы FlyArystan-мен бірге «Топ»), кірісі мен әуе флотының көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі ең ірі әуе компаниялар тобы, 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған қаржы жылы үшін бір жай акцияға 9,92 теңге (төрт акциядан тұратын бір ЖДҚ-ға 39,68 теңге) мөлшерінде дивиденд төлеуді Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына ұсынғанын хабарлайды. Бұл төлем 2026 жылғы 31 мамырдан кешіктірмей Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында бекітілуі керек.

 

Мерзім

Дивидендтерді жариялау 2026 жылғы 31 мамырдан кешіктірмей өтетін Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында акционерлердің бекітуіне тәуелді, ал төлем 2026 жылдың ортасында жүзеге асырылады. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтетін күнді Топ тиісті уақытта хабарлайды.

 

Қосымша ақпарат алу үшін төмендегi контактілер бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:

 

Инвесторлармен байланыстар жөнінідегі қызмет:

investor.relations@airastana.com

 

Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент:

media@airastana.com 

Қаржы медиа:

airastana@fticonsulting.com

 

 

 

Air Astana компаниялар тобы туралы

Air Astana компаниялар тобы Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі кіріс көлемі мен әуе кемелер саны бойынша ең ірі әуе тасымалдаушы топ. Компания 62 әуе кемесінен тұратын флотты басқарады, ол 2002 жылы алғашқы рейсін орындаған толық қызмет көрсететін Air Astana әуе компаниясы мен 2019 жылы құрылған бюджеттік FlyArystan әуе компаниясына бөлінген. Компания тұрақты, тіке және транзиттік, қысқа және ұзақ қашықтықтағы жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырады. Маршруттық желісі Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Таяу Шығыс, Үндістан және Еуропаны қамтиды. Air Astana Skytrax рейтингі бойынша Орталық Азия және ТМД-дағы ең үздік әуе компаниясы атағын 14 мәрте иеленді және қатарынан 9 рет Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік әуе компания қызметі марапатына лайық танылды. FlyArystan үш рет Skytrax сыйлығы бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік бюджеттік әуе компаниясы атанды. Сонымен қатар, Air Astana Airline Passenger Experience Association (APEX) тарапынан ірі әуе компаниялар санатында бес жұлдызды рейтингке ие болды. Компания Қазақстан қор биржасында (KASE), Астана халықаралық биржасында (AIX) және Лондон қор биржасында (LSE) AIRA тикерімен листингке енгізілген.