Жас қазақстандық ғалым Стивен Хокингпен кездесті
15 жастағы данышпан бала Исаак Мустопуло атақты үлыбританиялық физик-теоретик Стивен Хокингпен кездесті.
Сал ауруына шалдыққан Исаак Мустопуло Ұлттық инновациялық конкурста арнайы жүлде иеленіп, 4 қазанда физик-теоретик профессор Стивен Хокингпен кездесті. Кездесу Британ кеңесі мен "Эйр Астана" ұйымдастырған Ұлыбританиядағы оқу-танымдық сапар кезінде өтті.
Исаак Британ кеңесі және технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі (NATD) ұйымдастырған STEM Ұлттық инновациялар конкурсында "Теория гармонии" атты видеоролик үшін арнайы жүлдеге ие болған. Өз видеосында ол ғарыш аппараттары үшін электр қуатын өндіру жолын сипаттап берген болатын. Сонымен бірге, өз видеосында Исаак әспеттеп жүрген профессор Стивен Хокингпен кездескісі келетінін айтқан болатын. Баланың арманы бұрынғы инвестициялар және даму министрі, Астананың қазіргі әкімі Әсет Исекешевтің және "Эйр Астана" президентінің арқасында орындалды. Олар Исаактың Лондонға бара алуы үшін Британ кеңесімен ықпалдасқан болатын.
«Эйр Астана» президенті Питер Фостер: «Ұлттық әуетасымалдаушының, Әсет Исекешевтің және Британдық Кеңесінің профессор Хокингкке Исаак Мустопуломен кездесуге уақыт тапқаны үшін алғысы шексіз. Барлығымыз ғылыми-техникалық инновациялық зерттеулердің маңыздылығын түсінеміз және осы Лондонға сапар Исаакты ғылыммен одан да зор қызығышылықпен айналасуға жігерлендіріп қана қоймай, өзге қазақстандық балалар оған еліктеуге дем береді деп сенеміз».
"Стивен Хокингтің ғылыми зерттеулері мен ғылымға қосқан үлесі маған шабыт беріп жүрді. Оның үлгісі арқылы мен кез келген адам физикалық жағдайына қарамастан биік жетістіктерге жете алатынын түсіндім. "Теория гармонии" бойынша ұзақ еңбектендім, ал инновация конкурсы туралы естігенімде өз еңбегімді көпшілікке таныстырып, мүмкіндігің шектеулі болғандығы арманыңа жету жолында бөгет болмайтынын дәлелдеуге жақсы мүмкіндік екенін түсіндім", - деді Исаак.
Стивен Хокингпен кездесуден бөлек, Ұлыбританияға сапары барысында Исаак Лондондағы белгілі ғылым мұражайы, Кембридж университеті мен Британ кеңесінің штаб-пәтеріне барып қайтты.