«Эйр Астана» акционерлiк қоғамы, табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, бүгін Лондон қор биржасында инвесторлар мен талдаушыларға арналған Capital Markets Day іс-шарасын өткізеді.

«Air Astana» Акционерлік Қоғамы

Capital Markets Day 2025

«Эйр Астана» акционерлiк қоғамы, табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, бүгін Лондон қор биржасында инвесторлар мен талдаушыларға арналған Capital Markets Day іс-шарасын өткізеді.

Іс-шараны Бас атқарушы директор Питер Фостер жүргізеді. Сонымен қатар, Топтың аға басшылығы мен операциялық менеджменті келесі тақырыптар бойынша бірқатар таныстырылымдар өткізеді.

  • Air Astana тобына кіріспе
  • IPO барысында берген уәделерімізді орындау
  • Нарықтағы маңызды мүмкіндіктерді тиімді пайдалану
  • Қос әуе компаниясы стратегиясын жүзеге асыру
  • Операциялық үздіксіздік
  • Үздік деңгейдегі қаржылық нәтижелілік

Іс-шара Британ жазғы уақыты бойынша (BST) 09:00-де басталып, 13:00-ге дейін жалғасады. Қорытынды бөлімде сұрақ-жауап сессиясы және компания басшылығымен бейресми қарым-қатынас қарастырылған. Шараға тіркеліп, жеке қатысатындарға алаңға кіру үшін өзімен бірге фотосуреті бар жеке куәлікті алып келу қажет екендігі еске салынады. Алдын ала тіркелмеген немесе мемлекеттік деңгейде мойындалған фотосуреті бар жеке куәлікті ұсына алмаған қонақтар қабылдау аймағында күтуге тиіс болады.

Шараға қатысуға қызығушылық танытқан, бірақ әлі тіркелмегендер қосымша ақпарат алу үшін Air Astana компаниясының инвесторлармен байланыс командасына investor.relations@airastana.com электронды поштасы арқылы хабарласуы қажет.

Іс-шараның тікелей трансляциясы келесі сілтеме бойынша қолжетімді болады: Air Astana - Capital Markets Day | SparkLive | LSEG.

Іс-шара аяқталғаннан кейін презентация мен бейнежазбаның көшірмесі Air Astana компаниясының инвесторлармен байланыс веб-сайтында жарияланады: https://ir.airastana.com/.

Іс-шара барысында компанияның ағымдағы қызметінің нәтижелері туралы ақпарат жарияланбайды.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

Air Astana Тобы

 

Инвесторлармен байланыс қызметі

investor.relations@airastana.com

 

Air Astana тобы туралы

Air Astana компаниялар тобы Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі кіріс көлемі мен әуе кемелер саны бойынша ең ірі әуе тасымалдаушы топ. Компания 62 әуе кемесінен тұратын флотты басқарады, ол 2002 жылы алғашқы рейсін орындаған толық қызмет көрсететін Air Astana әуе компаниясы мен 2019 жылы құрылған бюджеттік FlyArystan әуе компаниясына бөлінген. Компания тұрақты, тіке және транзиттік, қысқа және ұзақ қашықтықтағы жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырады. Маршруттық желісі Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Парсы шығанағы, Үндістан және Еуропаны қамтиды. Air Astana Skytrax рейтингі бойынша Орталық Азия және ТМД-дағы ең үздік әуе компаниясы атағын 14 мәрте иеленді және қатарынан 9 рет Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік әуе компания қызметі марапатына лайық танылды. FlyArystan үш рет Skytrax сыйлығы бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік бюджеттік әуе компаниясы атанды. Сонымен қатар, Air Astana Airline Passenger Experience Association (APEX) тарапынан ірі әуе компаниялар санатында бес жұлдызды рейтингке ие болды. Компания Қазақстан қор биржасында (KASE), Астана халықаралық биржасында (AIX) және Лондон қор биржасында (LSE) AIRA тикерімен листингке енгізілген.