«Эйр Астана» акционерлiк қоғамы, табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, 2025 жылғы 15 қыркүйек, дүйсенбі күні, Лондон қор биржасында инвесторлар мен талдаушыларға арналған Capital Markets Day іс-шарасын өткізеді.

Шақыру

Capital Markets Day 2025

Лондон қор биржасы

09:00-13:00 BST, 15 қыркүйек 2025

«Эйр Астана» акционерлiк қоғамы, табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, 2025 жылғы 15 қыркүйек, дүйсенбі күні, Лондон қор биржасында инвесторлар мен талдаушыларға арналған Capital Markets Day іс-шарасын өткізеді.

Іс-шараны Бас атқарушы директор Питер Фостер жүргізеді. Сонымен қатар, Топтың аға басшылығы мен операциялық менеджменті келесі тақырыптар бойынша бірқатар таныстырылымдар өткізеді.

  • Air Astana тобына кіріспе
  • Стратегиямыз, нарығымыз және өсу драйверлері
  • IPO-дан кейінгі нәтижелер
  • Операциялық жетілдіру
  • Қаржылық нәтижелер
  • Инвестициялық тартымдылық

Іс-шара Британ жазғы уақыты бойынша (BST) 09:00-де басталып, 13:00-ге дейін жалғасады. Қорытынды бөлімде сұрақ-жауап сессиясы және компания басшылығымен бейресми қарым-қатынас қарастырылған.

Қатысушылар саны шектеулі, сондықтан іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу міндетті. Қатысушыларға 10 Paternoster Square, London, EC4M 7LS мекенжайындағы London Stock Exchange ғимаратына кіру үшін фотосуреті бар жеке куәлікті ұсыну қажет.

Іс-шараға қатысу ниетіңізді investor.relations@airastana.com электрондық поштасына жауап беру арқылы растауыңызды сұраймыз.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

Air Astana Тобы

 

Инвесторлармен байланыс қызметі

investor.relations@airastana.com

 

Air Astana тобы туралы

Air Astana компаниялар тобы Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі кіріс көлемі мен әуе кемелер саны бойынша ең ірі әуе тасымалдаушы топ. Компания 61 әуе кемесінен тұратын флотты басқарады, ол 2002 жылы алғашқы рейсін орындаған толық қызмет көрсететін Air Astana әуе компаниясы мен 2019 жылы құрылған бюджеттік FlyArystan әуе компаниясына бөлінген. Компания тұрақты, тіке және транзиттік, қысқа және ұзақ қашықтықтағы жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырады. Маршруттық желісі Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Парсы шығанағы, Үндістан және Еуропаны қамтиды. Air Astana Skytrax рейтингі бойынша Орталық Азия және ТМД-дағы ең үздік әуе компаниясы атағын 14 мәрте иеленді және қатарынан 9 рет Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік әуе компания қызметі марапатына лайық танылды. FlyArystan үш рет Skytrax сыйлығы бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік бюджеттік әуе компаниясы атанды. Сонымен қатар, Air Astana Airline Passenger Experience Association (APEX) тарапынан ірі әуе компаниялар санатында бес жұлдызды рейтингке ие болды. Компания Қазақстан қор биржасында (KASE), Астана халықаралық биржасында (AIX) және Лондон қор биржасында (LSE) AIRA тикерімен листингке енгізілген.