«Эйр Астананың» жаңа Embraer 190-E2 ұшағы Қазақстанға ұшып қонды
2018 жылғы 3 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында «Эйр Астананың» жаңа Embraer 190-E2 ұшағы қонды.
Е2 Бразилияда зауытта салынған. Әуе кемесі екі қозғалтқышпен жабдықталған тар фюзеляжды реактивті ұшағына жатады. Ол қысқа және орта қашықтықта ұшуға арналған, ал ұшудың максималды қашықтығы - 5 300 км. Е2 ұшағының аэродинамикасы жақсарған, фюзеляжы мен қанаттары өзгерген және PW GTF (АҚШ) қозғалтқыштарымен жабдықталған. Сонымен қатар, әуе кемесі үнемді, төмен зиянды заттар шығарылымымен және шуыл деңгейімен ерекшеленеді.
Ұшақ тұмсығына қар барысы бейнеленген. Бірегей ливреясымен «Эйр Астана» қар барысының Қазақстанда және әлемде жоғалу мәселесіне жұртшылық назарын аудармақ және экология жақсаруы мен қоршаған ортаны сақтау мәселелерін тағы да көтермекші.
«Эйр Астана» әуепаркіне алдыңғы ұшақ үлгілері 2011 жылдан қолданылып келеді.