«Эйр Астана» Алматы әуежайындағы өзінің базасында Airbus A320neo алғашқы C-check-ін өткізді
Air Astana әуекомпаниясы 2019 жылдың қараша айында Алматы әуежайындағы техникалық базасында Airbus A320neo ұшағының алғашқы C-check ауыр жөндеу жұмыстарын орындады.
Осы жылдың қазан айында Air Astana ұшақтағы осындай күрделі жөндеу жұмыстарын орындау үшін EASA (Европалық авиациялық қауіпсіздік жөніндегі агенттік) сертификатын алды. Сертификат Airbus 319/320/321 ұшақтарында жөндеудің күрделі түрлерін (C-check) орындауға мүмкіндік береді. Бұдан бұрын әуекомпаниясы өз ұшақтарына және Қазақстанға ұшатын өзге әуекомпаниялардың ұшақтарына базалық техникалық қызмет көрсеткен.
С-check S7 Technics компаниясы мамандарының басшылығымен 10 күн бойы өткізілді, сондай-ақ Air Astana-ның инженерлері мен мамандары салонның косметикалық жөндеуді және 170-тен астам жұмысты орындады. С-check-ке дайындалу үшін 11 ай ішінде әуекомпания инженерлері Мәскеудегі S7 Technics базасында оқудан өтті.
Бұған дейін Air Astana мен S7 Technics Алматы және Нұр-Сұлтан ұшақтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. S7 Technics келісімі аясында Air Astana мамандарына ауыр жөндеу жұмыстары бойынша кеңес береді және оқытады. Серіктестік Air Astana техникалық қызмет көрсету базасы мен S7 Technics базалары арасында құралдар мен жабдықтарды бірлесіп пайдалануды және алмасуды көздейді.
Air Astana инженерлік-техникалық қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Кит Уордл (KeithWardle): «Біздің басты міндетіміз – ұшақтарға қызмет көрсетудің ауыр түрлерін дербес орындау есебінен әуекомпанияның шығындарын азайту. Біздің тәжірибе мен әлеуетті кеңейте отырып, біз сыртқы тапсырыс берушілер үшін техникалық қызмет көрсету мүмкіндігін қарастырып отырмыз. Сондықтан біз өз С-check орындауға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтей аламыз. Біз бұл алдағы жылдары орындалады деп күтеміз» – деп атап өтті.
«Бұл S7 Technics тарихында осы іспеттес алғашқы жоба. Бірақ авиациялық индустрияда провайдер Тапсырыс берушіге өз құзыреттерін дамытуға көмектесетін мысалдар бар» – дейді S7 Technics маркетинг және сату жөніндегі бас директордың орынбасары Игорь Паньшин, – Air Astana масштабындағы әуекомпания үшін базалық техникалық қызмет көрсету саласында өз құзыреттерін дамыту –шығындарды қысқарту бойынша қисынды қадам».
Air Astana Нұр-Сұлтан қаласындағы техникалық орталығында 2020 жылы өзінің алғашқы С-check-ін орындау үшін техникалық базасын жетілдіруде.