«Эйр Астана» АҚ қаржы жөніндегі атқарушы директорының тағайындалуы туралы хабарлама
4 ақпан 2026
«Эйр Астана» АҚ қаржы жөніндегі атқарушы директорының тағайындалуы туралы хабарлама
Алматы, Қазақстан – «Эйр Астана» АҚ (Air Astana және оның еншілес компаниясы FlyArystan-мен бірге – «Топ») Гонсалу Пирештің (Gonçalo Pires) 2026 жылғы 1 наурыздан бастап қаржы жөніндегі атқарушы директор лауазымына тағайындалғаны туралы хабарлайды. 2025 жылғы 8 қазанда жарияланғандай, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қазiргi қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыелді бас атқарушы директор лауазымына тағайындалғанға дейін тиісті өтпелі кезең көзделетін болады.
Гонсалу Пиреш 2021 жылдан бастап TAP Air Portugal әуе компаниясында қаржы жөніндегі атқарушы директор қызметін атқарып, онда қайта құрылымдау бағдарламасын әзірлеп, іске асырды, сондай-ақ цифрландыру бойынша бірқатар бастамаларды іске қосты. Бұған дейін оның шамамен жиырма жылға жуық кәсіби қызметі қаржы секторын қамтып, оның ішінде инвестициялық банкинг саласындағы түрлі басшылық лауазымдарды атқарды.
Пиреш мырза Лиссабон қаласындағы NOVA университетінің экономика мамандығы бойынша ғылыми дәрежесіне ие және Air Astana-ның бас кеңсесі орналасқан Алматы қаласында қызметін жүзеге асыратын болады.
Компанияның қазіргі бас атқарушы директоры Питер Фостер:
«Португалияның флагмандық әуе тасымалдаушысында бірнеше жыл бойы қаржы жөніндегі атқарушы директор қызметін атқарған Гонсалу Air Astana-ның одан әрі дамуын қолдауға және біздің нарықтарымыздағы өсу мүмкіндіктерін іске асыруға қажетті тәжірибеге ие. Сегіз жыл бойы қаржы жөніндегі атқарушы директор лауазымында қызмет атқарып, сәуір айында әуекомпанияны басқаратын Ибрахиммен бірге, Air Astana өзінің ұзақ мерзімді өсу стратегиясын табысты іске асыруды жалғастыратынына сенім білдіремін».
Осы хабарлама инсайдерлік ақпаратты қамтиды. Air Astana атынан осы хабарламаның жариялануын ұйымдастыруға жауапты тұлға – Саймон Рэй. Осы хабарламаны жариялау Ұлыбританияның Нарықты теріс пайдалану туралы регламентінің (UK Market Abuse Regulation) 17(4)-бабына сәйкес кешіктірілген жариялау тәртібі бойынша мақұлданды.
Қосымша ақпарат алу үшін:
|
Инвесторлармен байланыстар жөнінідегі қызмет:
|
investor.relations@airastana.com
|
|
Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент:
|
|
|
Баспасөз: |
|
Air Astana тобы туралы
Air Astana тобы Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы табыс көлемі мен әуе флотының ауқымы бойынша ең ірі авиациялық топ. Топ 62 әуе кемесінен тұратын флотқа ие, олардың бір бөлігі алғашқы рейсін 2002 жылы орындаған толық қызмет көрсететін Air Astana әуе компаниясына тиесілі, ал екінші бөлігі 2019 жылы құрылған FlyArystan бюджеттік әуе компаниясына тиесілі. Топ Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Парсы шығанағы елдері, Үндістан және Еуропа бағыттары бойынша ішкі, аймақтық және халықаралық желілерде жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырады. Air Astana қатарынан он төрт жыл бойы Skytrax бойынша Орталық Азия және ТМД-дағы үздік әуе компаниясы атанып келеді және тоғыз жыл қатарынан Орталық Азия және ТМД-дағы ең үздік борт қызметі үшін марапатқа ие болды. FlyArystan үш рет Skytrax бойынша Орталық Азия және ТМД-дағы үздік бюджеттік әуе компаниясы ретінде танылды. Бұған қоса, Air Astana АРЕХ (Airline Passenger Experience Association) ұйымының «Ірі әуе компаниясы» санатында бес жұлдызды рейтингін алды. Топ Қазақстан қор биржасында, Астана халықаралық биржасында және Лондон қор биржасында (тикер: AIRA) тіркелген.