«Эйр Астана» АҚ 2018 жылға арналған жылдық есеп пен қаржылық есеп-қисапты жариялады
«Эйр Астана» АҚ 2018 жылдың 31 желтоқсанында қорытындыланған жылдық есеп пен қаржылық есеп-қисапты жариялағанын хабарлайды.
Есепті компанияның сайтынан қарауыңызға болады
Өткен жылы жанармайдың қымбат бағасы салдарынан сала үшін аса күрделі болғанына қарамастан компания өз бәсекелік артықшылықтарын және операциялық қызметінің тиімділігін арттырып және одан пайда көруді жалғастырған және жылдық есеп осы жыл кезеңі бойынша түсініктемелерді қамтиды.
2018 жылдың негізгі қаржылық және пайдалану көрсеткіштері
- Жиынтық түсімнің 9,6%-ға артуы, яғни 840,9 млн. АҚШ долларына дейін өсуі;
- (салық, пайыз, тозу, өтемпұл, жалгерлік төлегенге дейінгі пайда) жанармайдың кенет қымбаттауына (26%) қарамастан EBITDAR көрсеткіші 130,9 млн.АҚШ долларын құрады;
- Операциялық қызметті тиімді басқарудың нәтижесінде операциялық қызметтен түскен пайда 36,5 млн.АҚШ доллар;
- Таза пайда 5,4 млн.АҚШ доллары;
- Орта Азия, Украина, Үндістан, Қытай елдеріндегі ішкі нарықтың жылдам өсуіне байланысты транзитті жолаушылар легі 48%-ға ұлғайып, халықаралық жолаушылар легі 10,7%-ды құрады;
- Үлестік өзіндік құны бір шекті жолаушы-километрге шаққанда 5,6 АҚШ центін құрады. Бұл саладағы ең төмен көрсеткіш;
- ОЖКМ (орындалған жолаушы-километрлер) 9,6 млрд-ті құрады. Бұл былтырғы жылға қарағанда 6%-ға артық және бұл «Эйр Астана» компаниясының әуе тасымалғадеген сұраныстың өскенін білдіреді.
- Жаңа әуе кемелерге тапсырыстың кешігіп орындалуына қарамастан тасымалданған жолаушылардың жалпы саны 3%-ға артқан (4,32 млн.);
- FlyArystan бюджеттік компанияның іске қосылуы. Ол– «Эйр Астана» рейстерімен қатар ұшуларды орындап, ішкі нарықтың және Орта Азия аймақтарының жаңа сегменттеріне бағытталатын болады;
- «Эйр Астана» - әлемдегі ең ұқыпты әуе компаниялар тізімінде 12-орынды иеленуде («Ұқыптылық лигасы» OAG 2019 жыл).
- 2018 жылы Skytrax World Airline Awards сыйлығының жетінші рет «Орта Азия мен Үндістандағы үздік әуе компания» атағын жеңіп алды.
«Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер былай деді: «2018 жылы біз саладағы айтқысыз қиындықтарға қарамастан табыстылығымызды сақтап қалдық. Бұл біздің операциялық қызметіміздің жоғары стандарты, басшылықтың жұмыс сапасы, сараланлған қызметтердің жоғары деңгейі сынды басымдықтарымыздың арқасында мүмкін болды».
«Тасымалдау сыйымдылығының шамалы өсуіне қарамастан жанармай бағасының өсуі біраз қиындықтарға соқтырды. Жанармайға қатысы жоқ шығындар тиімді бақылауға алынып, бір шекті жолаушы-километр 5,6 АҚШ центін құрады. Бұл – саладағы бәсекеге қабілетті ең төмен көрсеткіш. Airbus neo ұшақтарында орнатылған Pratt&Whitney редукторлы турбожелдеткішті қозғалтқыштарының ақауларыжаңа ұшақтардың кеш жеткізілуінің себебі болып ұшу кестесінің бұзылуына және кірістің азаюына кері әсерін тигізді Осыған қарамастан жолаушылар саны мен түсім ұлғайды».
«Эйр Астана» АҚ-ның он жылдық стратегиясы 2026 жылға дейін жалғасын тауып, Еуропа мен Азияның басты қарқынды нарықтарын байланыстыратын хаб ретінде мықты жайғасымды және төмен шығындар құрылымын пайдалану және қызмет аясын кеңейту есебінен дамудың жаңа кезеңін қамтамасыз етеді. Халықаралық әуе тасымалы жылдам өсіп келеді және Қазақстан айналасындағы кейбір нарықтар әлемдегі ірі нарықтарға айналуы ықтимал. Жоғарыда атап өткендей Қытай, Үндістан, Украина, Орта Азияның ішкі нарықтарының ұлғаюына байланысты, транзитті тасымалдың 48%-ға өсуі «Эйр Астана» бұл өсу мүмкіндіктерін пайдаланып келетіндігінайғақтайды.
«Біздің мақсатымыз айқын. Жиілікті ұлғайту мен жаңа нарықтарға шығу арқылы табысқа жетуді көздеп отырмыз. Транзиттік тасымалдың едәуір әлеуетін дамытудан басқа жете бағаланбаған ішкі нарықтағы өсімді ынталандыруға ниеттіміз. Мінсіз атақ пен жоғары сапалы қызмет көрсетудің арқасында бизнес-класс үлесін және тарифттердің өзгерісіне аз сезімтал сегментті арттырумен қатар, FlyArystan компаниясы арқасында кірісі аз сегменттің елеулі үлесін қалыптастыруға шоғырландық».