«Эйр Астана» АҚ — Routes Silk Road 2019 форумының ресми әуетасымалдаушысы

2019 жылдың 15-17 шілдесінде Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанда (бұрынғы Астана) Routes Silk Road 2019 әуе бағдарларының жетекші аймақтық форумы өтеді.

«Эйр Астана» іс-шараның ресми әуетасымалдаушысы болып табылады. Аталмыш іс-шара Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы мен қала әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Қазақстан — Орта Азиядағы бұл шара өткізілетін бірінші ел. Бұл шараға әуекомпаниялардың, әуежайлардың, ұшақ жасайтын кәсіпорындардың және туроператорлардың өкілдерін қоса алғанда шамамен 300 делегат қатысады деп күтілуде.

Үш күндік форумда жаңа аймақтық әуе бағдарлары мен туристік бағыттарды дамытуға мүмкіндік беретін Қазақстанның авиация, туризм және инвестициялар саласындағы әлеуеті ұсынылатын болады.

Іс-шараның ресми тасымалдаушысы ретінде «Эйр Астана» барлық қатысушыларға Қазақстанға және Қазақстаннан ұшатын рейстердің билеттеріне 50% жеңілдік ұсынады. Қазақстанда өтетін форумға келушілер елдің бай әрі алуан-түрлі мәдениетімен танысып, көз қуантатын табиғаттың әсем көрінісін тамашалай алады.

Routes компаниясы туралы

Routes жыл бойы негізгі нарықтарда аймақтық және халықаралық бағдарларды дамыту бойынша форумдар өткізу арқылы әуекомпаниялар мен әуежайлар арасында байланыс орнату үшін әлемге әйгілі іс-шараларды ұйымдастырып жүргізеді. Routes компаниясы Aviation Week Network компаниясының бір бөлігі және Informa бөлімшесі болып табылады.