«Эйр Астана» жаңа Airbus A320 NEO ұшағын қабылдады
Ұлттық тасымалдаушы Тулуза қаласында ТМД және Орталық Азияда тұңғыш рет пайдаланатын Airbus А320NEO бірінші ұшағын қабылдады.
Рәсімге әуекомпания, Airbus компаниясының және ALC лизингтік компаниясының басшылығы және қазақстандық БАҚ өкілдері қатысты.
2015 жылы «Эйр Астана» 2016-2019 жылдары аралығында келетін 11 Airbus A320NEO тобының әуе кемесін лизингке алуға келісімшарттарына қол қойған.
А320NEO ұшақтары ішкі бағдарлық желісі, және Қытайға, Түркияға, Үндістанға, Ресейге және Араб Әмірліктеріне қатынайды.
Airbus A320NEO (new engine option) тар фюзеляжды реактивті ұшақ тобына жатады және екі класты компоновкасы бар: дербес ойын-сауық жүйелерімен жабдықталған 16 кресло бизнес-класта, 132 кресло эконом-класта.
A320NEO ұшағы А320 тобының жетілдірілген нұсқасы болып табылады. Бұл жоғары үнемді ұшақтар Pratt & Whitney жаңа қозғалтқыштарымен және қанат ұштарымен жабдықталған. Бұл Airbus A320CEO тобының ұшақтарымен салыстырғанда отын шығынын 15% азайтады және тиісінше ұшу қашықтығын ұлғайтады.
Оңнан солға: «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер, Еуропа, Африка, Азия және Тұнық мұхит аймағындағы жүк тасымалы мен активтер бойынша Airbus басшысы Крис Бакли, ALC компаниясының маркетинг және коммерциялық істер бойынша атқарушы вице-президент Алекс Хатиби.
А320NEO өз санытындағы ең тыныш лайнер болып есептеледі. A320NEO кеңірек салон, сыймды жүк сөрелерін ұсынады және жарықдиодты технологиясы негізіндегі жарықтандырудың жаңа жүйесімен жабдықталған.
«Эйр Астана» президенті Питер Фостер: «Airbus A320 соңғы 9 жылда пайдаланымдағы ерекше сипаттамаларды көрсетті және тартымды пішінімен, төмен операциялық шығындарымен, жоғары сенімділігімен әрі қауіпсіздіктің жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленед. А320NEO тобы ұшақтарының жаңа буыны барлық осы параметрі бойынша анағұрлым жақсартуларды қамтиды».