«Эйр Астана» және S7 кодшерингтік келісімге қол қойды

15 шілдеде «Эйр Астана» мен ресейлік S7 әуе компаниясы кодшерингтік келісімге қол қойды.

Енді әуе компаниялары Нұр-Сұлтаннан / Алматы - Новосибирск / Санкт-Петербург және одан кері бағыттарда бірлескен рейстер ұшырады. Келісім екі авиатасымалдаушының жолаушыларына біріктірілген бағыттар желісі бойынша жүруге мүмкіндік береді. S7 жолаушылары Новосибирскіден Қазақстан астанасына аптасына 10 рейске қол жеткізеді. Әр бағыт бойынша жиіліктің ұлғаюы түйісу уақытын оңтайландыруға және сәйкесінше ұшудың жалпы уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Осы тәрізді, «Эйр Астана» жолаушылары Новосибирскіден түйісу рейстерін үлкен таңдауға рұқсат алады. Сонымен, Нұр-Сұлтаннан немесе Алматыдан, мысалы, Стокгольмға сапар шегетін жолаушылар енді Санкт-Петербургтегі S7 өсіп жатқан хабын пайдалана алады.

«Ресей - Қазақстаннан жолаушылар тасымалы үшін маңызды нарық. Біздің серіктестік есебінен Ресейдегі қатысуды кеңейтудің үлкен басымдықтарын көріп отырмыз. Біз S7 Airlines жолаушыларын «Эйр Астана» әуекомпаниясының бортында қабылдауға және оларға Skytrax-тың төрт жұлдызымен белгіленген сервис деңгейін ұсынуға қуаныштымыз. Кодшерингтік келісім аясында рейстердің басталуы біздің бұдан әрі дамуды жоспарлап отырған ынтымақтастығымыздың дамуындағы маңызды қадам болып табылады», - деді «Эйр Астананың» маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті Ричард Леджер.