«Эйр Астана» марафонға тіркелген қатысушыларға арнайы тарифтерді ұсынады

Қазақстанның ұлттық тасымалдаушысы марапатына ие болған «Эйр Астана» 2019 жылғы 8 қыркүйек, жексенбі күні Нұр-Сұлтан (бұрынғы Астана) қаласында өтетін жыл сайынғы халықаралық Астана марафонына визасыз ұшу үшін арнайы тарифтер ұсынады.

«Эйр Астана» әуекомпаниясы үшінші жыл қатарынан осы беделді қайырымдылық жүгірісінің ресми әуетасымалдаушысы мен үздік демеушісі болып, барлық тіркелген қатысушыларға халықаралық рейстердің бизнес және эконом-класс билеттеріне 15% жеңілдік ұсынады.

Жеңілдіктер 2019 жылдың 5-7 қыркүйегі аралығында Нұр-Сұлтанға және 2019 жылдың 9-11-қыркүйегі аралығында Нұр-Сұлтаннан ұшатын халықаралық рейстерге жарамды болады. Билеттерді қазірдің өзінде www.airastana.com сайтында брондап қоюға болады

Астана марафоны Халықаралық марафондар мен жүгірістер қауымдастығының (AIMS) мақтан тұтарлық қатысушысы болып табылады және биыл оныншы рет өткізіледі. Марафон трассасы заманауи қалалық ландшафт пен сэр Норман Фостер сияқты танымал халықаралық архитекторлар жобалаған футуристік ғимараттармен ұсынылған Нұр-Сұлтанның көрнекі жерлері арқылы өтеді. Қатысуға ниет білдірушілер www.astana42k.com сайтында 42,2 немесе 10 км қашықтықты құрайтын жүгіріске тіркеле алады.

Қонақ үйде тұруды (таңғы ас пен әуежайға дейінгі трансферді қоса алғанда) «Стоповер Холидейс» бағдарламасы арқылы веб-сайтта брондауға болады. Нұр-Сұлтанда көбірек уақыт болып, қаламен жақынырақ танысқысы келетіндер экскурсияға қатысып, көрнекі жерлерді тамашалай алады.