«Эйр Астана» 2019 жылдың алғашқы жартысында қаржылық көрсеткіштерін жақсартты

2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында «Эйр Астананың» кірісі 12%-ға, ал жалпы эксплуатациялық шығын 7%-ға үлғайған.

Нәтижесінде қаржылық нәтижелер 54%-ға артып, ал шығыны былтырғы бірінші жарты жылдықпен салыстырғанда 6 миллиард теңгеден биылғы жарты жылдықта 2,7 млрд. теңгеге дейін азайды. Әуекомпанияларға бірінші жарты жылдықта төменірек нәтижелер мен екінші жарты жылдықта нәтижелердің қалпына келуі тән.

«Эйр Астана» жарты жылдықта 2,1 миллион жолаушыны тасыды, яғни бір жыл бұрынғы нәтижемен салыстырғанда 1%-ға артық. Ішкі трафик 9%-ға артып, ол жағынан да жақсы нәтиже көрсетті. Бір жайтты ескерген жөн, «Эйр Астана» 2018 жылдың маусымымен салыстырғанда биылғы маусымда ішкі жолаушыларды 39%-ға артық тасымалдаған. Бұл үрдіс FlyArystan-ның оң әсерінен әрі қарай күшейе түседі деп күтілуде.

«Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер былай деді: «Біздің бәсекелестеріміз 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында төменірек нәтижелерге қол жеткізгендерін айтса, «Эйр Астана» өзінің қаржылық нәтижелерін 54%-ға арттыра алды. Алғашқы жарты жылдықтағы ең маңызды оқиға – 1 мамырға жоспарлаған FlyArystan-ның іске қосылуы. Оның көптеген клиенттері өмірлерінде бірінші рет ұшуда. Қазіргі уақытта, маусымның қызған шағында, белгіленген бағасынан 10000-ға арзандатып, 80 000-ға жуық билет сатып үлгердік. Осылайша өзіміз болжағандай біз болжағандай жаңа тасымалдаушының нарыққа ынталандырарлық ықпалын және нарықтың 30%-ға, ал аймақтық әуежайларда 100%-ға өскенін байқап отырмыз. Біздің флотты жаңарту бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асуда. Жылдың бірінші жартысында бір А320 NEO, үш E2 190 ұшағының жаңа буындарын алдық. Жаңа буынды ұшақтар CO2-ны 15%-ға аз шығарады және бұл біздің атмосфераға қоршаған ортаға көмірқышқыл газын қысқартуға талпынысымыздың айғағы болып отыр. Біздің үлесті шығынымыз әлем бойынша бәсекеге қабілетті боп қала береді. Еуропа мен Азиядағы бәсекелестеріміздің жартысынан төмен және аталмыш көрсеткіш бойынша бюджетті әуекомпаниялармен бәсекеге түсе алады. Шығындың азайту мен жаңартпа тіркесімі нәтижелердің әжептәуір жақсаруына алып келді».

«Эйр Астана» ұшақтарының орташа жасы 7,36 жыл қүрайды. Әуепарк Boeing 767/757, Airbus A320/A321 и Embraer E190/Е190-Е2 36 ұшақтан тұрады.

Маусымда әуекомпания сегізінші рет Skytrax агенттігінің «Үздік Орталық Азия мен Үндістан әуекомпаниясы" санатында жеңімпаз атанды.