«Эйр Астана» APEX американдық қауымдастығының жоғары бағасын алды

APEX (Airline Passenger Experience Association) американдық қауымдастығы «Эйр Астана» әуекомпаниясына «Ірі аймақтық әуекомпаниялар» номинациясы бойынша 5 жұлдыз рейтингін берді.

Жеңімпаздар Бостонда 24 қыркүйекте марапаттау рәсімінде жарияланды.

Әуекомпаниялар рейтингі жолаушылардың онлайн пікірлері негізінде қалыптасады. 500 әуекомпаниялардың миллионнан астам рейстері 5 санат бойынша бағаланады: креслолардың жайлылығы, бортта қызмет көрсету, тамақ пен сусындар, ойын-сауық жүйесі мен wi-fi қызметі.

APEX дүниежүзі бойынша жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін бағалайтын еуропалық Skytrax агенттігінің американдық аналогы. Рейтинг авиациядағы ең беделді және мәртебелілердің бірі болып саналады.