«Эйр Астана» TripAdvisor нұсқауы бойынша жетекші аймақтық әуекомпаниясы атанды

Дүниежүзілік саяхаттар сайты TripAdvisor «Эйр Астананы» Travellers’ Choice Awards 2019 сыйлығының "Аймақтық Азия тасымалдаушысы" санатының және "Азиядағы жолаушы жайлылығы" санатының жеңімпазы деп жариялады.

Саяхаттаушылар борттағы қызмет көрсетуді, салондағы тазалықты, тамақ пен сусындарды, креслолар жайлылығын, кресло арасындағы қашықтықты, баға мен сапаның үздік ара қатысын, тіркеуді және компанияның ойын-cауық жүйесін жоғары бағалады. Үздік тасымалдаушылар 2018 жыл iшінде әлем бойынша көрсетілген рейтинг пен пікірлер саны мен сапасын ескеретін алгоритм бойынша анықталған.

"Біздің әуекомпания сервистің ең жоғарғы стандарттарына үздіксіз ұмтылады және "Эйр Астана" осы марапаттың иегері болғанына қуаныштымыз", - деді компания президенті Питер Фостер. - TripAdvisor сайтында біздің рейспен ұшқаннан кейін пікір қалдырған әрбір жолаушымызға шын жүректен алғыс айтқым келеді және одан арғы қолдауына сенімдімін".

"Эйр Астана" туралы пікірлерге сілтеме: https://www.tripadvisor.co.uk/Airline_Review-d8728936-Reviews-Air-Astana
Жеңімпаз әуекомпаниялардың толық тізіміне сілтеме: https://www.tripadvisor.com/TravelersChoice-Airlines.

Марапат туралы:
Travellers’ Choice Awards марапаты 7 аймақтың, оның ішінде Азия, Еуропа, Солтүстік Америка, Латын Америка, Таяу Шығыс, Африка мен Үнді Мұхиты, Оңтүстік-Тынық Мұхит аймағы мен Океания әуекомпанияларына беріледі. Жеңімпаздарға қойылатын талаптар – ерекше қызмет, үздік сапа мен баға.