Алматы, Қазақстан – «Эйр Астана» акционерлiк қоғамы («Компания» және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге «Топ»), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, 2025 жылғы 15 қыркүйек, дүйсенбі күні, сағат 09:00 BST-де (Британ жазғы уақыты) Лондон қор биржасында инвесторлар мен талдаушыларға арналған Capital Markets Day іс-шарасын өткізеді.

Іс-шара күнін белгілеп алыңыз

Capital Markets Day 2025

Лондон қор биржасы

09:00-13:00 BST, 15 қыркүйек 2025

 

 

Алматы, Қазақстан – «Эйр Астана» акционерлiк қоғамы («Компания» және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге «Топ»), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, 2025 жылғы 15 қыркүйек, дүйсенбі күні, сағат 09:00 BST-де (Британ жазғы уақыты) Лондон қор биржасында инвесторлар мен талдаушыларға арналған Capital Markets Day іс-шарасын өткізеді.

 

Іс-шараны Бас атқарушы директор Питер Фостер жүргізеді. Сонымен қатар, Топтың аға басшылығы мен операциялық менеджменті бірқатар таныстырылымдар өткізеді.

 

Кездесу аясында Топтың өсу стратегиясы, нарықтағы орны, IPO-дан кейінгі кезеңдегі операциялық және қаржылық нәтижелері жан-жақты таныстырылады.

Іс-шара бағдарламасы кейінірек хабарланады.

Іс-шараға қатысу ниетіңізді investor.relations@airastana.com электрондық поштасына жауап беру арқылы растауыңызды сұраймыз.

 

 

Air Astana Тобы

Инвесторлармен байланыс қызметі

investor.relations@airastana.com

 

 

Vigo Consulting (Air Astana Тобының инвесторлармен байланыс және PR жөніндегі халықаралық кеңесшісі)

airastana@vigoconsulting.com

Tim McCall

+44 20 7390 0230

  Joe Quinlan

 

 

Air Astana тобы туралы

 

Air Astana компаниялар тобы Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі кіріс көлемі мен әуе кемелер саны бойынша ең ірі әуе тасымалдаушы топ. Компания 61 әуе кемесінен тұратын флотты басқарады, ол 2002 жылы алғашқы рейсін орындаған толық қызмет көрсететін Air Astana әуе компаниясы мен 2019 жылы құрылған бюджеттік FlyArystan әуе компаниясына бөлінген. Компания тұрақты, тіке және транзиттік, қысқа және ұзақ қашықтықтағы жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырады. Маршруттық желісі Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Парсы шығанағы, Үндістан және Еуропаны қамтиды. Air Astana Skytrax рейтингі бойынша Орталық Азия және ТМД-дағы ең үздік әуе компаниясы атағын 14 мәрте иеленді және қатарынан 9 рет Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік әуе компания қызметі марапатына лайық танылды. FlyArystan үш рет Skytrax сыйлығы бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік бюджеттік әуе компаниясы атанды. Сонымен қатар, Air Astana Airline Passenger Experience Association (APEX) тарапынан ірі әуе компаниялар санатында бес жұлдызды рейтингке ие болды. Компания Қазақстан қор биржасында (KASE), Астана халықаралық биржасында (AIX) және Лондон қор биржасында (LSE) AIRA тикерімен листингке енгізілген.