2018 жылғы FIFA Әлем кубогы кезінде қауіпсіздік шараларын күшейту

Ресей Федерациясы Президентінің 2017 жылғы 9 мамыр айындағы №202 «2018 жылы Ресей Федерациясында FIFA 2018 әлем чемпионатын және FIFA 2017...

Ресей Федерациясы Президентінің 2017 жылғы 9 мамыр айындағы №202 «2018 жылы Ресей Федерациясында FIFA 2018 әлем чемпионатын және FIFA 2017 Конфедерация Кубогын өткізу кезеңінде күшейтілген қауіпсіздік шараларын қолдану ерекшеліктері туралы» жарлығына сәйкес 2018 жылғы 25 мамырдан 25 шілдеге дейін Ресей Федерациясының субъектілерінде, соның ішінде Мәскеу, Екатеринбург, Қазан және Санкт-Петербург қалаларында күшейтілген қауіпсіздік шаралары енгізіледі, сондай-ақ, азаматтық және қызметтік қаруды және оқтарды, жарылғыш және улы заттар мен өнеркәсіптік материалдарды, оларға негізделген өнімдерді тасымалдауға тыйым салынады.

Ерекше жағдайларда қару-жарақтардың, оқтардың, заттардың, материалдардың және бұйымдардың айналымы ведомствоаралық жедел штабтың шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін, ал жолаушылар қаруды әкелу үшін рұқсат алуға рейске 7 жұмыс күн бұрын арнайы қызмет көрсету департаментіне special.services@airastana.com электрондық поштасы арқылы байланысуы тиіс.

Уақытша немесе тұрақты қоныс аударған Ресей Федерациясының азаматтары мекендеу жеріне немесе тұрғылықты жеріне келген күннен бастап үш күннен кешіктірмей тіркелуге міндетті. Уақытша немесе тұрақты қоныс аударған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Ресей Федерациясының заңнамасында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап бір күн ішінде тіркелуі тиіс.

Тіркеу нұсқауларын жүктеу үшін мұнда басыңыз.