2024 жылдың мен төртінші тоқсан және толық 2024 жыл нәтижелерін жариялау туралы хабарлама

Орталық Азия және Кавказ аймақтарындағы ең ірі әуекомпания Air Astana тобы 2024 жылдың төртінші тоқсан және 31 желтоқсанда аяқталған толық 2024 жыл нәтижелерін жұма, 2025 жылдың 14 наурызында жариялайды.

2024 жылдың мен төртінші тоқсан және толық 2024 жыл нәтижелерін жариялау туралы хабарлама

Орталық Азия және Кавказ аймақтарындағы ең ірі әуекомпания Air Astana тобы 2024 жылдың төртінші тоқсан және 31 желтоқсанда аяқталған толық 2024 жыл нәтижелерін жұма, 2025 жылдың 14 наурызында жариялайды.

Басшылық нәтижелер жарияланған күні, Астана уақыты бойынша сағат 14:30-да тікелей эфир (вебкаст) және сұрақ-жауап сессиясын өткізеді.

Қоңырауға келесі сілтеме арқылы қосылуға болады:

Ағылшын тілінде: Air Astana FY 2024 Webcast

 

Қазақ тілінде: Air Astana FY 2024 Webcast

 

Орыс тілінде: Air Astana FY 2024 Webcast

 

Air Astana Тобы

Ирина Мартинез (Инвесторлармен байланыс қызметінің басшысы)

investor.relations@airastana.com

 

 

Vigo Consulting (Air Astana Тобының инвесторлармен байланыс және PR жөніндегі халықаралық кеңесшісі)

airastana@vigoconsulting.com

Tim McCall

+44 20 7390 0230

 

Air Astana тобы туралы

Air Astana Тобы кірісі мен әуе флотының көлемі бойынша Орталық Азия және Кавказ аймақтарындағы ең ірі әуекомпаниялар тобы болып табылады. Топ 2002 жылы алғашқы рейсін орындаған «Эйр Астана» АҚ толық қызмет көрсететін бренд пен 2019 жылы құрылған «FlyArystan» АҚ бюджеттік тасымалдаушысы арасында үлестірілген 59 ұшақтан тұратын әуе кемелері паркін пайдаланады. Топ Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Таяу Шығыс, Үндістан және Еуропа арқылы ішкі, өңірлік және халықаралық маршруттарда тұрақты, тікелей және транзиттік, қысқа магистральдық және алыс магистральдық авиатасымалдар мен жүк тасымалдарын қамтамасыз етеді. «Эйр Астана» АҚ Skytrax World Airline Awards нұсқасы бойынша он екі рет «Орталық Азия мен ТМД-ның үздік әуекомпаниясы» болып танылды және «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік қызмет көрсету» марапатын сегізінші рет иемденіп отыр. FlyArystan екінші рет «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік бюджеттік тасымалдаушы» номинациясында Skytrax сыйлығын алды. Cонымен қатар, «Эйр Астана» АҚ APEX (Airline Passenger Experience Association) ірі әуекомпаниялар санатында бес жұлдызды рейтингке ие. Топтың бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасында, Astana International Exchange (AIX) және Лондон қор биржасында орналастырылған (тикер: AIRA).