2025 жылдың төртінші тоқсан және толық 2025 жыл нәтижелерін жариялау туралы хабарлама
2 наурыз 2026
Air Astana компаниялар тобы
2025 жылдың төртінші тоқсан және толық 2025 жыл нәтижелерін жариялау туралы хабарлама
Алматы, Қазақстан – «Эйр Астана» акционерлiк қоғамы («Компания» және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге «Топ»), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, 2025 жылдың төртінші тоқсан және 31 желтоқсанда аяқталған толық 2025 жыл нәтижелерін жұма, 2026 жылдың 13 наурызында жариялайды.
Басшылық нәтижелер жарияланған күні, Астана уақыты бойынша сағат 14:00-да тікелей эфир (вебкаст) және сұрақ-жауап сессиясын өткізеді.
Қоңырауға келесі сілтеме арқылы қосылуға болады:
Ағылшын тілінде: Air Astana FY Results 2025
Орыс тілінде: Air Astana Результаты за полный 2025 год
Қазақ тілінде: Air Astana 2025 толық жылдың нәтижелері
|
Инвесторлармен байланыстар жөнінідегі қызмет |
|
|
Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент |
|
|
Қаржылық медиа |
airastana@fticonsulting.com |
Air Astana тобы туралы
Air Astana компаниялар тобы Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі кіріс көлемі мен әуе кемелер саны бойынша ең ірі әуе тасымалдаушы топ. Компания 62 әуе кемесінен тұратын флотты басқарады, ол 2002 жылы алғашқы рейсін орындаған толық қызмет көрсететін Air Astana әуе компаниясы мен 2019 жылы құрылған бюджеттік FlyArystan әуе компаниясына бөлінген. Компания тұрақты, тіке және транзиттік, қысқа және ұзақ қашықтықтағы жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырады. Маршруттық желісі Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Таяу Шығыс, Үндістан және Еуропаны қамтиды. Air Astana Skytrax рейтингі бойынша Орталық Азия және ТМД-дағы ең үздік әуе компаниясы атағын 14 мәрте иеленді және қатарынан 9 рет Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік әуе компания қызметі марапатына лайық танылды. FlyArystan үш рет Skytrax сыйлығы бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік бюджеттік әуе компаниясы атанды. Сонымен қатар, Air Astana Airline Passenger Experience Association (APEX) тарапынан ірі әуе компаниялар санатында бес жұлдызды рейтингке ие болды. Компания Қазақстан қор биржасында (KASE), Астана халықаралық биржасында (AIX) және Лондон қор биржасында (LSE) AIRA тикерімен листингке енгізілген.