Air Astana Алматыдан Лондонға және Бодрумға ұша бастайды
12 мамырдан бастап Air Astana Алматы – Лондон халықаралық рейсін орындайды.
12 мамырдан бастап Air Astana Алматы – Лондон халықаралық рейсін орындайды. Жолда Ақтау қаласының әуежайына тоқтайды. Осылайша аптасына 2 рет бейсенбі және сенбі күндері жолаушыларды тасымалдайды.
Рейстер A321 LR әуе лайнерінде орындалады. Нұр-Сұлтан қаласынан баратын жолаушылар Ақтау – Лондон рейсіне Нұр-Сұлтан – Ақтау ішкі рейсі арқылы жетіп, ұша алады. КС 901 рейсі Алматыдан сағат 10.45-те ұшып, Ақтауға сағат 13.05-те жетеді.
Ақтау қаласынан Лондонға сағат 14.05-те ұшып, Лондонға сағат 16.50-де жетеді. 18.05-те кері ұшып, Ақтауға сағат 04.10-да жетеді. Ақтаудан Алматыға 05.10-да шығып, сағат 09.00-де келеді.
Барлық жерде жергілікті уақыт көрсетілген. Эконом-класта бару-келу билетінің ең төменгі құны алымдарды есепке алғанда 292 844 теңгені, бизнес-класта 1 181 703 теңгені құрайды. Ұлыбританияға кіру үшін ПТР мен вакцинация қажет емес.
31 мамырға дейін Лондоннан Қазақстанға ұшатындар үшін эконом-класта науқандық тарифтер қолжетімді.
Бодрумға саяхат
27 мамырдан бастап әуекомпания сейсенбі және жұма күндері Airbus A321 әуе кемесінде Алматы – Бодрум тұрақты рейсін іске қосады. 27 мамырдан 7 маусымға дейін Бодрумнан Алматыға ұшатын эконом-класс үшін науқандық тарифтер қолжетімді.
КС 659 рейсі Алматыдан сағат 08.30-да ұшып, Бодрумға сағат 11.50-де жетеді. КС 660 кері рейсі Бодрумнан сағат 13.45-те ұшып, Алматыға сағат 22.05-те келеді. Барлық жерде жергілікті уақыт көрсетілген.
Вакцина салдырмаған 12 жастан асқан жолаушыда рейс ұшқанға дейін 72 сағат бұрын коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тест анықтамасы болуы қажет. Сондай-ақ 48 сағат ішінде жасалған антигенді анықтайтын экспресс тест жарамды.
Эконом-класта бару-келу билетінің ең төменгі құны алымдарды есепке алғанда 230 743 теңгені, бизнес-класта 623 675 теңгені құрайды.