26 сәуірден бастап Air Astana өткен жылдың наурыз айында үкіметтің COVID-ке қарсы шектеулеріне байланысты тоқтатылған Атырау- Ыстамбұл бағыты бойынша тұрақты тікелей рейсін қалпына келтіреді.

26 сәуірден бастап Air Astana өткен жылдың наурыз айында үкіметтің COVID-ке қарсы шектеулеріне байланысты тоқтатылған Атырау- Ыстамбұл бағыты бойынша тұрақты тікелей рейсін қалпына келтіреді. Рейстер сейсенбі және жұма күндері Airbus A320neo лайнерімен орындалады.

Атыраудан 08.10-да ұшады, Ыстамбұлға 10.20-да жетеді. Ыстамбұлдан рейс 11.20-да, Атырауға 17.05-те қонады. Бәрі жергілікті уақыт бойынша көрсетілген.

Атырау- Ыстамбұл рейсінің ұзақтығы – 4 сағат 10 минут, қайтарда 3 сағат 45 минут.

Эконом-класта барып-қайту билетінің ең төменгі құны, алымдарды қоса алғанда, 165 177 теңге, бизнес-класта 580 389 теңге.

Осылайша, Air Astana Қазақстанның үш қаласынан Ыстамбұлға ұшатын болады. Сонымен бірге, 17 сәуірден бастап Алматыдан рейс аптасына 10-ға дейін, ал 25 сәуірден бастап Нұр-Сұлтаннан рейс күнделікті орындалады.