Air Astana бес Airbus A320neo ұшағын қайта конфигурациялады
Air Astana 5 Airbus A320neo ұшағын қайта конфигурациялауды аяқтады, жолаушылар жайлылығы үшін бизнес-
Air Astana 5 Airbus A320neo ұшағын қайта конфигурациялауды аяқтады, жолаушылар жайлылығы үшін бизнес-класс түрін еуропалықтан классикалыққа ауыстырды. Қайта конфигурациялау мыналарды қамтыды: эконом-кластағы креслоларының бір бөлігін бөлшектеу, екі салон арасында қалқа мен экран орнату, сондай-ақ қосымша бизнес-класс креслоларын орнату. Қайта конфигурациялау процесі 5 аптаға созылды.
Бұдан былай Air Astana A320neo үлгісіндегі ұшақтардың бизнес-класында 16 және эконом-класында 132 орны бар. Бизнес-класта ыңғайлы BE Aerospace креслолары бар. Олардың ара қашықтығы 84 см.Эконом класында жеке мониторлармен жабдықталған Recaro креслолардың ара қашықтығы 77,5 см.
Airbus A320neo ұшақтары Қазақстанда, ТМД елдерінде, Украинада және Грузияда жұмыс істейді.