Air Astana және Ираклион халықаралық әуежайы Қазақстан мен Грекия арасындағы әуе рейстің ашылуын атап өтті
2022 жылдың 2 маусымында Air Astana Алматыдан Грекияның Крит аралына тікелей рейсті ашты. Алғашқы рейс 165 орны бар толық жүктеумен орындалды.
2022 жылдың 2 маусымында Air Astana Алматыдан Грекияның Крит аралына тікелей рейсті ашты. Алғашқы рейс 165 орны бар толық жүктеумен орындалды.
Дәстүр бойынша Ираклион әуежайына алғаш келген әуе компаниясының ұшағын су аркасымен қарсы алды. «Air Astana Критке рейстерді ашуға қуанышты, бұл Компаниялар тобының Еуропадағы туристік бағдарлармен өзінің маршруттық желісін кеңейту ниетіндегі тағы бір маңызды қадам», - деді Air Astana-ның маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті Адель Дәулетбек. Көптеген салалық марапаттарға ие болған әуекомпанияның жоғары сапасы жолаушыларды қанағаттандыратынына сенімдімін». Салтанатты шараға Қазақстанның Грекиядағы Елшісі, Мәртебелі Ерлан Баударбек-Қожатаев та қатысты. «Осы жыл Қазақстан мен Грекия арасындағы ынтымақтастық үшін өте ерекше, өйткені біз елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтеміз.
Әуе қатынасы туристік және мәдени алмасуға, сондай-ақ адамдар арасындағы өзара әрекеттестігіне қолайлы жағдай туғызып, іскерлік байланыстарды кеңейтуге және жаңа келісімшарттар жасауға ықпал етеді», - деді Қазақстан Елшісі. Air Astana Airbus A321LR алыс магистралды ұшағымен Крит аралына аптасына үш рейс қатынайды.