Алматы, Қазақстан – «Эйр Астана» акционерлiк қоғамы («Компания» және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге «Топ»), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, Air India әуекомпаниялары бірлескен рейстерді орындау (кодшеринг) туралы келісімге қол қойды,

 Air Astana мен Air India кодшеринг келісіміне қол қойды  

 

Алматы, Қазақстан – «Эйр Астана» акционерлiк қоғамы («Компания» және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге «Топ»), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, Air India әуекомпаниялары бірлескен рейстерді орындау (кодшеринг) туралы келісімге қол қойды,

 

Air Astana мен Үндістанның жетекші халықаралық әуе компаниясы Air India арасындағы жаңа кодшеринг серіктестігі Қазақстан мен Үндістанды байланыстыратын басты бағыттарда ынтымақтастықты күшейтеді. Келісім аясында Air Astana орындайтын Алматы-Дели және Алматы-Мумбаи рейстерінде Air India «AI» кодын қолдану көзделген. Бұл жолаушыларға екі ел арасында сапар шегуде кеңірек мүмкіндік пен қосымша қолайлылық береді.

 

Air Astana тобының бас атқарушы директоры Питер Фостер: «Азиядағы ең көне әуе компаниясымен кодшеринг келісімін жасағанымызға қуаныштымыз. Air India – Үндістан ішінде де, халықаралық бағыттарда да ауқымды желісі бар, тиімді басқарылатын әуе компания. Үндістан – халық саны жағынан әлемде алдыңғы орында әрі ең серпінді дамып келе жатқан туристік нарықтардың бірі. Бұл бағыт Air Astana тобы үшін стратегиялық маңызы зор болғандықтан, Дели, Мумбаи және Гоаға рейстерді кеңейту мүмкіндіктері қарастырылуда. Жаңа келісім екі ел арасындағы іскерлік, туристік және академиялық байланыстардың артуына серпін береді.»

 

Air India компаниясының бас атқарушы директоры Кэмпбелл Уилсон:

«Air Astana-мен кодшеринг серіктестігі туризм әлеуеті зор әрі жылдам дамып жатқан Қазақстанға әуе қатынасын күшейтеді. Бұл демалыс сапарларына және екі ел арасындағы сауда мен мәдени қарым-қатынастың дамуына ықпал етеді. Орталық Азиядағы жаңа бағыт клиенттеріміз үшін бұрынғыдан да ыңғайлы бола түседі.»

 

Жаңа келісім 2025 жылдың басында іске қосылған Air Astana мен Air India арасындағы интерлайн серіктестігін толықтырды. Серіктестіктің арқасында Air Astana жолаушылары Дели мен Мумбаи арқылы ыңғайлы ұштасатын Air India-ның 18 ішкі және 9 халықаралық рейстеріне қол жеткізе алады. Ал Air India жолаушылары Алматы арқылы Air Astana желісімен Астанаға, Бішкекке, Ташкентке, Душанбе мен Үрімшіге транзиттік жол жүре алады.

 

Қосымша ақпарат алу үшін ir.airastana.com сайтына кіріңіз немесе төменде телефондарға хабарласыңыз:

 

Air Astana

Инвесторлармен байланыстар жөнінідегі қызмет

investor.relations@airastana.com

Air Astana

Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент

media@airastana.com 

Vigo Consulting

airastana@vigoconsulting.com

 

 

Air Astana компаниялар тобы туралы

Air Astana компаниялар тобы Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі кіріс көлемі мен әуе кемелер саны бойынша ең ірі әуе тасымалдаушы топ. Компания 62 әуе кемесінен тұратын флотты басқарады, ол 2002 жылы алғашқы рейсін орындаған толық қызмет көрсететін Air Astana әуе компаниясы мен 2019 жылы құрылған бюджеттік FlyArystan әуе компаниясына бөлінген. Компания тұрақты, тіке және транзиттік, қысқа және ұзақ қашықтықтағы жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырады. Маршруттық желісі Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Таяу Шығыс, Үндістан және Еуропаны қамтиды. Air Astana Skytrax рейтингі бойынша Орталық Азия және ТМД-дағы ең үздік әуе компаниясы атағын 14 мәрте иеленді және қатарынан 9 рет Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік әуе компания қызметі марапатына лайық танылды. FlyArystan үш рет Skytrax сыйлығы бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік бюджеттік әуе компаниясы атанды. Сонымен қатар, Air Astana Airline Passenger Experience Association (APEX) тарапынан ірі әуе компаниялар санатында бес жұлдызды рейтингке ие болды. Компания Қазақстан қор биржасында (KASE), Астана халықаралық биржасында (AIX) және Лондон қор биржасында (LSE) AIRA тикерімен листингке енгізілген.

 

 

Air India тобы туралы

 

Air India тобына дәстүрлі Air India әуе компаниясы мен аймақтық бюджеттік әуе тасымалдаушысы Air India Express кіреді. Топ Үндістан авиациясында маңызды орынға ие. Air India әуе компаниясының тарихы 1932 жылы Дж. Р. Д. Тата алғашқы рейсті өзі басқарып, Үндістандағы азаматтық авиацияның негізін қалаған сәттен бастау алады. Бүгінде Air India тобында 30 000-нан астам адам жұмыс істейді, 300-ден аса әуе кемесі бар, ал оның желісі бес құрлықтағы 55 ішкі және 48 халықаралық бағытты қамтиды.