Алматы, Қазақстан – «Эйр Астана» акционерлiк қоғамы («Компания» және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге «Топ»), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, China Southern Airlines әуекомпаниялары бірлескен рейстерді орындау (кодшеринг) туралы келісімге қол қойып, Қазақстан мен Қытай арасында сапар шегетін жолаушылар үшін мүмкіндіктерді едәуір кеңейтті.

Air Astana мен China Southern Airlines кодшеринг туралы келісімге қол қойылды

 

Алматы, Қазақстан – «Эйр Астана» акционерлiк қоғамы («Компания» және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге «Топ»), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, China Southern Airlines әуекомпаниялары бірлескен рейстерді орындау (кодшеринг) туралы келісімге қол қойып, Қазақстан мен Қытай арасында сапар шегетін жолаушылар үшін мүмкіндіктерді едәуір кеңейтті.

2025 жылғы 29 шілдеде қол қойылған код-шеринг туралы келісім Алматыдан Бейжің, Үрімші және Гуанчжоуға, сондай-ақ Астанадан Бейжіңге орындалатын Air Astana рейстеріне және Пекиннен (Дасин әуежайы), Гуанчжоу, Үрімші және Сиань қалаларынан Алматыға, сондай-ақ Гуанчжоу мен Үрімшіден Астанаға орындалатын China Southern Airlines рейстеріне қолданылады.

Air Astana компаниялар тобының Бас атқарушы директоры Питер Фостер: «Қытай бұрыннан Air Astana үшін стратегиялық маңызы бар нарық. China Southern Airlines компаниясымен серіктестігіміз сауда, туризм және мәдени байланыстардың дамуына ықпал етіп, екі ел арасындағы авиациялық әріптестіктің жаңа кезеңін білдіреді».

China Southern Airlines компаниясының Президенті және бас атқарушы директоры Хань Вэньшэн: «Air Astana компаниясымен жасалған кодшерингтік келісім Қазақстандағы қызметімізді кеңейтіп, рейстер жиілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл екі әуекомпанияның жақсы тұстарын біріктіретін стратегиялық серіктестік әрі «Бір белдеу - бір жол» бастамасы аясында Қытай мен Қазақстан арасындағы авиациялық ықпалдастықты дамытудың маңызды қадамы».

 

Қосымша ақпарат алу үшін келесіге хабарласыңыз:

Air Astana Group

Инвесторлармен байланыс

қызметі

investor.relations@airastana.com

Air Astana Group

Корпоративтік

коммуникациялар жөніндегі департамент media@airastana.com 

Vigo Consulting

 

 

airastana@vigoconsulting.com

 

Air Astana тобы туралы

Air Astana компаниялар тобы Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі кіріс көлемі мен әуе кемелер саны бойынша ең ірі әуе тасымалдаушы топ. Компания 61 әуе кемесінен тұратын флотты басқарады, ол 2002 жылы алғашқы рейсін орындаған толық қызмет көрсететін Air Astana әуе компаниясы мен 2019 жылы құрылған бюджеттік FlyArystan әуе компаниясына бөлінген. Компания тұрақты, тіке және транзиттік, қысқа және ұзақ қашықтықтағы жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырады. Маршруттық желісі Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Парсы шығанағы, Үндістан және Еуропаны қамтиды. Air Astana Skytrax рейтингі бойынша Орталық Азия және ТМД-дағы ең үздік әуе компаниясы атағын 14 мәрте иеленді және қатарынан 9 рет Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік әуе компания қызметі марапатына лайық танылды. FlyArystan үш рет Skytrax сыйлығы бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік бюджеттік әуе компаниясы атанды. Сонымен қатар, Air Astana Airline Passenger Experience Association (APEX) тарапынан ірі әуе компаниялар санатында бес жұлдызды рейтингке ие болды. Компания Қазақстан қор биржасында (KASE), Астана халықаралық биржасында (AIX) және Лондон қор биржасында (LSE) AIRA тикерімен листингке енгізілген.

 

China Southern Airlines компаниясы туралы

China Southern Airlines жолаушыларға жоғары деңгейдегі сервис пен жайлы саяхат ұсынады. 2022 жылы бұл әуекомпания Skytrax нұсқасы бойынша «Қытайдың үздік әуекомпаниясы» аталды, ал 2023 жылы World Brand Lab тарапынан «Бес жұлдызды бриллиантты әуекомпания» мәртебесіне ие болды. China Southern Airlines - Орталық Азиядағы ең кең маршруттық желіге ие қытайлық әуе тасымалдаушы. Компания өңірдің бес еліндегі жеті бағытқа тұрақты рейстер орындайды: Алматы, Астана, Ташкент, Самарқанд, Душанбе, Ашхабад және Бішкек. Рейстер саны, жиілігі және нарықтағы үлесі бойынша көшбасшы бола отырып, China Southern Қытай мен «Бір белдеу – бір жол» бастамасына қатысушы елдер арасындағы әуе байланысын нығайтуда маңызды рөл атқарады.