Air Astana-ның тасымалданған жолаушылар саны 79%-ға өсті
2021 жылы Air Astana компаниялар тобы 6,617 миллион жолаушыны тасымалдады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 79%-ға өсті. Air Astana-ның жолаушылар легі 59%-ға ұлғайып, 3,555 млн адам тасымалданған, ал FlyArystan-да 109%-ға өсіп, 3,062 млн жолаушы болды.
2021 жылы Air Astana компаниялар тобы 6,617 миллион жолаушыны тасымалдады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 79%-ға өсті. Air Astana-ның жолаушылар легі 59%-ға ұлғайып, 3,555 млн адам тасымалданған, ал FlyArystan-да 109%-ға өсіп, 3,062 млн жолаушы болды. 2021 жылы Air Astana компаниялар тобы тұрақты бағыттар бойынша 12 072 тонна, ал чартерлік бағыттар бойынша 6 700 тонна жүк тасымалдады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда тиісінше 30% және 45% жоғары.
Air Astana президенті Питер Фостер: «Жолаушылар легінің өсуі 2020 жылы Ковид-19 әсерінен зардап шеккен қызметіміздің күшті қалпына келгенін көрсетеді және әуе компаниясы тарихындағы ең жақсы нәтижесі болып саналады. Біріншіден, бұл негізінен FlyArystan компаниясының көрсеткіштерімен байланысты, себебі оның жолаушылар саны Қазақстандағы бюджеттік тарифтердің және бәсекеге қабілетті шығындар құрылымының арқасында екі жылда Air Astana-ның көлеміне жеткен. FlyArystan өзінің негізгі миссиясын – қазақстандықтардың ел ішіндегі әуе мобилділігін арттыру жолында нық қадам басып келеді».
2021 жылы Air Astana компаниясы Батуми, Подгорица, Коломбо және Пхукетке тұрақты рейстерді іске қосты, ал 2020 жылы рейстерді тоқтатқаннан кейін Лондон, Дели, Тбилиси және Душанбеге рейстерді қалпына келтірді. FlyArystan 2021 жылы Кутаисиге Қазақстанның 3 қаласынан ұшуды бастады, сонымен қатар 10 ішкі бағыт ашты. Air Astana 8-ші рет IOSA операциялық қауіпсіздік аудитінен сәтті өтті және алғаш рет Нұр-Сұлтандағы техникалық базасында Airbus A321 ұшағына C-check жүргізді. Air Astana компаниялар тобының паркі 2021 жылы үш Airbus A321LR лайнерімен және бір Airbus A320 ұшағымен толықты.