Air Astana қысқы кестесіне көшті
2023 жылғы 29 қазанда Air Astana қысқы кестеге көшті. Жаңа кестеде әуекомпания маусымдық бағыттарды орындап, Алматы мен Астанадан үлкен сұранысқа ие халықаралық бағыттарға рейстерді арттырды.
2023 жылғы 29 қазанда Air Astana қысқы кестеге көшті. Жаңа кестеде әуекомпания маусымдық бағыттарды орындап, Алматы мен Астанадан үлкен сұранысқа ие халықаралық бағыттарға рейстерді арттырды.
Қысқы кезеңде әуетасымалдаушы Алматы-Мальдив бағыты бойынша аптасына бес тұрақты рейсті, ал Алматы-Шри-Ланка бағыты бойынша аптасына төрт чартерлік рейсті орындайды.
Алматыдан Бангкокқа рейстер аптасына үштен жетіге дейін, ал Алматыдан Пхукетке рейстер аптасына төрттен он бірге дейін артады. Алматыдан Дубайға рейстер аптасына жетіден он екіге дейін, ал Астанадан аптасына алтыдан онға дейін артады. Алматы-Дели бағытында рейстер саны аптасына он бірге дейін, ал Алматы-Жидда бағытында - аптасына үшке дейін артады. Бұдан басқа, әуекомпания Алматы мен Астанадан Дохаға (Катарға) аптасына бір чартерлік рейсті орындауды жоспарлап отыр.
Биылғы күзден алдағы ақпанға дейін қазақстандықтарға Таиландқа бару үшін виза қажет емес екенін естеріңізге саламыз. 10-шы қарашадан бастап Қытайға да визасыз баруға болады.
Ішкі рейстердің қысқы кестесінде Астана-Қостанай бағытында өзгерістер енгізілді. Енді бұл бағытта Air Astana-ның FlyArystan бөлімшесінің ұшағы қатынайды.