Air Astana әуе компаниясының кейбір халықаралық рейстеріне онлайн тіркелу қалпына келтірілді

Air Astana чартерлік рейстерден басқа кейбір халықаралық рейстерге онлайн тіркелу қызметін қайта бастады. Онлайн тіркелуді airastana.com сайтында да, «Брондау және басқару» бөлімінде де, Air Astana тегін мобильді қосымшасы арқылы да жасауға болады.

Отырғызу талонын басып шығару мүмкіндігі бар бұл қызмет Қазақстаннан Антальяға, Бодрумға, Ыстамбұлға, Малеге, Подгорицаға, Тбилисиге, Батумиге, Ташкентке және Бішкекке, сондай-ақ Қазақстанға Амстердамдан, Франкфурттан, Лондоннан, Ыстамбұлдан, Ираклионнан, Дубайдан, Делиден, Сеулден, Тбилисиден, Батумиден, Бакудан, Душанбеден, Ташкенттен және Бішкектен.

Отырғызу талонысыз қызмет Қазақстаннан Ираклионға, және Маледен, Бодрумнан және Антальядан Қазақстанға рейстерге қолжетімді. Бағыттар белгілі бір елдің талаптарына байланысты өзгеруі мүмкін.

Онлайн тіркелу ұшудан 36 сағат бұрын ашылады және кетуге 60 минут қалғанда жабылады.

Мыналар үшін онлайн тіркелу мүмкін емес:

• жетелеушісі жоқ балалар

• қосымша орны бар жолаушылар

• зембілдегі жолаушылар

Сондай-ақ жолаушылар Алматы мен Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қызылорда және Өскемен қалаларының ішкі рейстеріне мобильді отырғызу талоны арқылы отыра алады.