Air Astana әуе паркін жаңғырту аясында Airbus A320neo ұшақтар отбасын таңдады
«Эйр Астана» акционерлiк қоғамы («Компания» және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге «Топ»), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, әуе паркін ауқымды жаңғырту бағдарламасы аясында 50-ге дейін Airbus A320neo ұшақтар отбасы әуе кемелерін алуды көздейтін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Әуекомпания тарихындағы ең ірі тапсырыс бойынша 25 ұшақ нақты сатып алынады да, тағы 25 ұшақ үшін опцион қарастырылған.
Air Astana әуе паркін жаңғырту аясында Airbus A320neo ұшақтар отбасын таңдады
Алматы, Қазақстан – «Эйр Астана» акционерлiк қоғамы («Компания» және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге «Топ»), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, әуе паркін ауқымды жаңғырту бағдарламасы аясында 50-ге дейін Airbus A320neo ұшақтар отбасы әуе кемелерін алуды көздейтін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Әуекомпания тарихындағы ең ірі тапсырыс бойынша 25 ұшақ нақты сатып алынады да, тағы 25 ұшақ үшін опцион қарастырылған.
Келісім Airbus A320neo және A321neo ұшақ үлгілерін қамтиды, алғашқы жеткізілімдер 2031 жылдан басталады. Тапсырыстың едәуір бөлігі Airbus A321LR нұсқасына тиесілі. Air Astana осы типтегі әуе кемелеріне премиум санаттағы салон компоновкасын орнатқан алғашқы әуе компанияларының бірі болды және оларды Азия мен Еуропа бағыттарындағы ұзақ қашықтықтағы рейстерге кеңінен қолданып келеді. Соңғы бес жылда Air Astana-ның A321LR пайдалану тәжірибесі осы нұсқаның жаңа операторлары үшін халықаралық деңгейде эталонға айналды. Аталған келісім осы айдың басында жарияланған басқа ірі тапсырысты толықтырады және акционерлердің мақұлдауын қажет етеді.
«Air Astana компаниясының Airbus A320neo ұшақтарына берген ірі тапсырысы оның ұзақ мерзімді кезеңде операциялық тиімділік пен жоғары қызмет көрсету стандарттарын сақтау жөніндегі берік ұстанымын айқын көрсетеді. A320neo отбасының әуе кемелері көп жылдан бері біздің флотта сенімділігімен танылып келеді, ал жаңа ұшақтар Компанияның орнықты дамуына және ұзақ мерзімді табыстылығына ықпал ететініне сенімдімін», - деді «Эйр Астана» акционерлiк қоғамының бас атқарушы директоры Питер Фостер.
Air Astana алғашқы Airbus A320ceo ұшағын флотына 2006 жылы енгізіп, оны ішкі бағыттарда және Орталық Азия мен Кавказ елдеріне халықаралық рейстерде пайдаланды. Airbus A320neo жаңа буын әуе кемесі флотқа 2016 жылдың қарашасында, ал алғашқы Airbus A321LR 2019 жылдың қыркүйегінде қосылды. A321LR ұшақтары әуекомпанияның Азия мен Еуропа бағыттарындағы ұзақ қашықтықтағы ұшуларын орындайды.
Қазіргі уақытта Топтың паркінде 62 ұшақ бар, олардың 59-ы Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелері. Бұл ұшақтар Air Astana мен оның бюджеттік әуе тасымалдаушысы FlyArystan ұшуларында қолданылады.
Қосымша ақпарат алу үшін, пожалуйста, хабарласыңыз:
|
Air Astana Тобы |
|
|
Инвесторлармен байланыстар жөнінідегі қызмет Simon Wray (Инвесторлармен байланыстар жөнінідегі қызмет басшысы) |
|
|
Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент
|
|
|
Vigo Consulting (IR және PR мәселелері бойынша кеңесші) |
|
|
Tim McCall Joe Quinlan Amelia Thorn |
+44 20 7390 0230 |
Air Astana компаниялар тобы туралы
Air Astana компаниялар тобы Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі кіріс көлемі мен әуе кемелер саны бойынша ең ірі әуе тасымалдаушы топ. Компания 62 әуе кемесінен тұратын флотты басқарады, ол 2002 жылы алғашқы рейсін орындаған толық қызмет көрсететін Air Astana әуе компаниясы мен 2019 жылы құрылған бюджеттік FlyArystan әуе компаниясына бөлінген. Компания тұрақты, тіке және транзиттік, қысқа және ұзақ қашықтықтағы жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырады. Маршруттық желісі Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Таяу Шығыс, Үндістан және Еуропаны қамтиды. Air Astana Skytrax рейтингі бойынша Орталық Азия және ТМД-дағы ең үздік әуе компаниясы атағын 14 мәрте иеленді және қатарынан 9 рет Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік әуе компания қызметі марапатына лайық танылды. FlyArystan үш рет Skytrax сыйлығы бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік бюджеттік әуе компаниясы атанды. Сонымен қатар, Air Astana Airline Passenger Experience Association (APEX) тарапынан ірі әуе компаниялар санатында бес жұлдызды рейтингке ие болды. Компания Қазақстан қор биржасында (KASE), Астана халықаралық биржасында (AIX) және Лондон қор биржасында (LSE) AIRA тикерімен листингке енгізілген.