Air Astana 9 қазаннан бастап Мальдив аралдарына рейстерді қайта жандандырады

Әуе компаниясы Алматыдан Малеге тікелей тұрақты рейстерінің қайта орындалатыны туралы қуана

Әуе компаниясы Алматыдан Малеге тікелей тұрақты рейстерінің қайта орындалатыны туралы қуана хабарлайды. Рейстер аптасына 4 рет сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері 2021 жылдың 9 қазанынан бастап Airbus 321LR және Boeing 767 лайнерлерінде орындалады.

Билеттердің бағасы эконом - класста екі жаққа, әуежай, жанармай және басқа да салықтарды қосқанда, 289 500 теңгеден басталады, бизнес -класста - 881 500 теңгеден.
Air Astana-ның сату жөніндегі директоры Ислам Секербеков: «Әуе компаниясы танымал курорттық бағыты Мальдив аралдарына рейстерді жандандыруға қуанышты.\

Жолаушылар осы керемет жерге демалысын Airbus A321LR және Boeing 767 жайлы ұшағы ішінде бастай алады. Билеттер әуе компанияның сайтында, өзінің сату кеңселерінде және IATA аккредиттелген агенттіктерінде сатылады».

Естеріңізге сала кетейік, Мальдив Республикасына кіру үшін барлық жолаушыларға, вакцинацияданда өткендерге ге, ағылшын тілінде теріс нәтижесі бар ПТР тестінің анықтамасы қажет. Сондай -ақ, ұшып кетерден бір күн бұрын денсаулығы туралы медициналық анықтама толтыру қажет. Виза әуежайға келген кезде тегін беріледі. Қазақстанға кіру үшін жолаушылардың барлығы, вакцинацияның толық курсынан өткендерді қоспағанда, теріс нәтижесі бар ПТР сертификаты болуы керек.

Air Astana Мальдив Республикасына 2020 жылдың 5 желтоқсанынан бастап рейстерді бастады және 2021 жылдың 24 мамырына дейін рейстерді орындады, содан кейін үкіметтің шектеулеріне байланысты рейстерді тоқтатты. Мальдив аралдары туризм министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстан 2021 жылдың қаңтарынан мамырына дейін осы елге келген туристер саны бойынша Ресей, Үндістан, Германия мен Украинадан кейін алғашқы 5 елдің қатарына кірген.