Американдық APEX қауымдастығы (Airline Passenger Experience Association) ең жоғары рейтингі бар Triplt туристік қосымшасымен бірге Air Astana әуекомпаниясын «Орталық Азиядағы ең жақсы ойын-сауық жүйесі және борттық тағамдар мен сусындар» номинациясында марапаттады.

Американдық APEX қауымдастығы (Airline Passenger Experience Association) ең жоғары рейтингі бар Triplt туристік қосымшасымен бірге Air Astana әуекомпаниясын «Орталық Азиядағы ең жақсы ойын-сауық жүйесі және борттық тағамдар мен сусындар» номинациясында марапаттады. Марапаттау рәсімі 2022 жылдың 8 маусымында Дублинде өтті.

Қосымша бүкіл әлем бойынша 600 әуе компаниясының миллионнан астам рейсін қамтитын жолаушыларға тәуелсіз пікірлерін жинады. Жолаушылар әуетасымалдаушыларды бес балды шкала бойынша 5 параметр бойынша бағалады: креслолар жайлылығы, борттағы қызмет көрсету, тамақ пен сусындар, ойын-сауық жүйесі және wi-fi қызметі.

Елена Обухова, Air Astana Борттық қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті: «Беделді APEX сыйлығын алу біздің әуекомпанияның үздіксіз жетілу мен дамуға деген ұмтылысын көрсетеді. Жолаушылар рейтингінің тәуелсіздігі марапатқа одан да көп мән береді және біз олардың пікірлері үшін алғыс айтамыз».

APEX – әуе көлігіндегі қызмет көрсету сапасын зерттеуге және жақсартуға арналған халықаралық коммерциялық емес ұйым. APEX сыйлығын тәуелсіз аудиторлық компания сертификаттайды. 2018-ші жылдан 2020-шы жыл арасында «Эйр Астана» үш рет «Ірі әуекомпаниялар» санатындағы 5 жұлдызды APEX сыйлығымен марапатталды.