Міндет, мақсаттар және құндылықтар

Міндет

Біз Еуразия жүрегінен әлемдегі ең үздік әуекомпаниялардың бірін құрып жатырмыз.

Мақсаттар

goals

Біз ең жоғары халықаралық қауіпсіздік стандарттарын қамтамасыз етеміз.

goals

Біз клиенттерге ең жоғары деңгейдегі қызмет көрсететін аймақтағы ең сенімді әуекомпания болып табыламыз және болуға міндеттіміз.

goals

Біз әуе кемелері паркінің, ұшу географиясының және ұсынылатын өнімнің тиімді өсуін қамтамасыз етеміз.

goals

Біз шыншылдық пен іскерлік этиканың ең жоғары стандарттарын ұстанамыз.

goals

Біз қызметкерлерді олардың сіңірген еңбегіне сәйкес жұмысқа тартып, бағалап, марапаттап, оларға өз әлеуетін барынша іске асыруға мүмкіндік береміз.

goals

Біз - әлеуметтік тұрғыдан жауапкершілігі мол ұйымбыз.

goals

Біз Қазақстанның жаһандық елшісі болып табыламыз.

Құндылықтар

Қонақжайлылық

Қонақжайлылық

Біз әрбір адамды, ол клиент болсын немесе әріптес болсын, қонақ ретінде қарсы аламыз. Біз жылы шырайлылықты, мейірімділікті, әдептілікті көрсете отырып, әрқашан көмекке келуге дайынбыз.


Тиімділік

Тиімділік

Біз - біліміміз бен жеке қасиеттеріміздің негізінде сапалы нәтижелерге қол жеткізетін кәсіпқойлармыз. Біз өзіміздің біліктілігімізді дамыта отырып өз уақытымызды тиімді қолданамыз.


Белсенділік

Белсенділік

Біз клиенттеріміз бен әріптестеріміздің үмітін ақтаймыз, талаптарға сай боламыз. Біз өз қабілетімізді барынша пайдалана отырып жұмыс жасаймыз және әркашан жақсаруға ұмтыламыз.


Сенімділік

Сенімділік

Біздің жұмысымыздың сапасы сенімді және тұрақты. Біз әрқашан берген уәдемізде тұрамыз.


Сенімге тұрарлық

Сенімге тұрарлық

Біз шыншылмыз және ешқашан өз ар-ұятымызға қарсы әрекет жасамаймыз. Клиенттер мен әріптестеріміз бізге сене алады.