2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы нәтижелерді жариялау туралы хабарлама
Кірісі мен әуе флотының көлемі бойынша Орталық Азия және Кавказ аймақтарындағы ең ірі әуекомпания «Эйр Астана» тобы 2024 жылдың 30 шiлдесiнде аяқталған алты ай нәтижелерін 2024 жылдың 5-шi тамызында жариялайды.
Кірісі мен әуе флотының көлемі бойынша Орталық Азия және Кавказ аймақтарындағы ең ірі әуекомпания «Эйр Астана» тобы 2024 жылдың 30 шiлдесiнде аяқталған алты ай нәтижелерін 2024 жылдың 5-шi тамызында жариялайды.
Топ басшылығы нәтижелер жарияланған күні Астана уақыты бойынша 14:30 конференц-қоңырау және тікелей эфир (вебкаст) өткізеді.
Қоңырауға келесі сілтеме арқылы тіркелуге және қосылуға болады:
Ағылшын тілінде: Air Astana H1 2024 Webcast
Қазақ тілінде: Air Astana H1 2024 Webcast
Орыс тілінде: Air Astana H1 2024 Webcast
Сұраулар:
«Эйр Астана» Тобы Инвесторлармен байланыс қызметі |
investor.relations@airastana.com
|
|
|
|
|
Instinctif Partners («Эйр Астана» Тобының инвесторлармен байланыс және PR жөніндегі халықаралық кеңесшісі) |
|
|
|
|
|
|
|
Редакторларға арналған ескертпелер
«Эйр Астана» Тобы туралы
«Эйр Астана» Тобы кірісі мен әуе флотының көлемі бойынша Орталық Азия және Кавказ аймақтарындағы ең ірі әуекомпаниялар тобы болып табылады. Топ 2002 жылы алғашқы рейсін орындаған Air Astana толық қызмет көрсететін бренд пен 2019 жылы құрылған FlyArystan бюджеттік тасымалдаушысы арасында үлестірілген 54 ұшақтан тұратын әуе кемелері паркін пайдаланады. Топ Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Таяу Шығыс, Үндістан және Еуропа арқылы ішкі, өңірлік және халықаралық маршруттарда тұрақты, тікелей және транзиттік, қысқа магистральдық және алыс магистральдық авиатасымалдар мен жүк тасымалдарын қамтамасыз етеді. Air Astana Skytrax World Airline Awards нұсқасы бойынша он екі рет «Орталық Азия мен ТМД-ның үздік әуекомпаниясы» болып танылды және «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік қызмет көрсету» марапатын сегізінші рет иемденіп отыр. FlyArystan екінші рет «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік бюджеттік тасымалдаушы» номинациясында Skytrax сыйлығын алды. Cонымен қатар, «Эйр Астана» АҚ APEX (Airline Passenger Experience Association) ірі әуекомпаниялар санатында бес жұлдызды рейтингке ие. Топтың бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасында, Astana International Exchange (AIX) және Лондон қор биржасында орналастырылған (тикер: AIRA).