2024 жылғы акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қорытындысы

«Эйр Астана» акционерлік қоғамы («Қоғам») 2024 жылғы 30 мамырда өткен жылдық жалпы жиналысында шешімдер қабылданғанын хабарлайды.

«Эйр Астана» акционерлік қоғамы («Қоғам») 2024 жылғы 30 мамырда өткен жылдық жалпы жиналысында келесі шешімдер қабылданғанын хабарлайды.

1.1. «Эйр Астана» АҚ-ның есеп комиссиясы мынадай шарттармен сайлансын:
(i) «Эйр Астана» АҚ-ның есеп комиссиясының құрамы 6 (алты) адам болып анықталсын.
(ii) 2025 жылғы 01 маусымға дейінгі мерзімге «Эйр Астана» АҚ-ның есеп комиссиясына мүшелері болып келесісі тұлғалар сайлансын:
1. Ирина Мартинез, «Эйр Астана» АҚ инвесторлармен байланыс қызметінің басшысы;
2. Алтынай Туребекова, «Эйр Астана» АҚ инвесторлармен байланыс жөніндегі аға менеджері;
3. Жанар Найзабекова, заң мәселелері жөніндегі вице-президент / «Эйр Астана» АҚ бас заң кеңесшісі;
4. Жанат Жандосов, «Эйр Астана» АҚ үкіметтік және корпоративтік мәселелер жөніндегі менеджері;
5. Татьяна Котенева, «Эйр Астана» АҚ корпоративтік басқару және есептілік мәселелері жөніндегі аға менеджері;
6. Әлия Жұмағұлова, «Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесінің мәселелері жөніндегі менеджері.

2. 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл ішіндегі «Эйр Астана» АҚ-ның шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігі бекіту.

3.1 «Эйр Астана» АҚ акциялары бойынша 2023 жылғы дивидендтерді төлемеу.
3.2 2023 жылғы отыз миллиард жеті жүз отыз тоғыз миллион жетпіс төрт мың теңге немесе «Эйр Астана» АҚ таза пайдасының 100% «Эйр Астана» АҚ-ның иелігінде қалдырылсын.
3.3 «Эйр Астана» АҚ бас атқарушы директоры осы шешiмдi iске асыру үшiн белгiленген тәртiппен барлық қажеттi шараларды қабылдасын.

4.1 Қоғамның Директорлар кеңесіне мүшесі, БАЕ Системс (Қазақстан) Лимитед акционерінің өкілі Уэсткотт Майлз Сэнт Джон (Myles St John Westcott) мырзаның Директорлар кеңесінің құрамынан 2024 жылғы 30 мамырдан бастап шығуы назарға алынсын.
4.2 Асанов Дияс Рахымжанұлы мырзаны 2024 жылғы 31 мамырдан бастап Директорлар кеңесіне мүше – Қоғамның Тәуелсіз директоры болып сайлансын.
4.3. Асанов Дияс Рахымжанұлы мырзаның Директорлар кеңесіне мүшесі - Қоғамның тәуелсіз директоры ретіндегі өкілеттік мерзімі Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2024 жылғы 09 ақпандағы шешімімен (№ 195 хаттама) сайланған Қоғамның Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімімен бір мезгілде аяқталады.
4.4 Директорлар кеңесіне мүшесі - Тәуелсіз директор Асанов Дияс Рахымжанұлына Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2024 жылғы 09 ақпанда қабылдаған Қоғамның Тәуелсіз директорларына сыйақы мен өтемақының мөлшері мен шарттары белгіленсін (№ 195 хаттама).
4.5 Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасы белгіленген тәртіппен Қоғамның Тәуелсіз директоры Асанов Дияс Рахымжанұлы мырзамен 2024 жылғы 31 мамырдан бастап Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы Қоғамның Директорлар кеңесінің келесі құрамын сайлағанға дейінгі мерзімге шартқа қол қойылсын.

5. 2023 жылы «Эйр Астана» АҚ және оның лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне акционерлердің өтініштерінің жоқтығы туралы ақпарат назарға алынсын.

6. «Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесінің және атқарушы органына мүшелері сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.

 

2024 жылғы акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қорытындысы