2025 жылдың бірінші тоқсан нәтижелерін жариялау туралы хабарлама
Алматы, Қазақстан – «Эйр Астана» акционерлiк қоғамы («Компания» және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге «Топ»), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, 2025 жылдың 31 наурызында аяқталған бірінші тоқсан нәтижелерін жұма, 2025 жылдың 2 мамырында жариялайды.

Басшылық нәтижелер жарияланған күні, Астана уақыты бойынша сағат 14:00-да тікелей эфир (вебкаст) және сұрақ-жауап сессиясын өткізеді.
Қоңырауға келесі сілтеме арқылы қосылуға болады:
Ағылшын тілінде: Air Astana Q1 2025 Webcast
Орыс тілінде: Air Astana Q1 2025 Webcast
Air Astana Тобы Инвесторлармен байланыс қызметі |
|
|
|
Vigo Consulting (Air Astana Тобының инвесторлармен байланыс және PR жөніндегі халықаралық кеңесшісі) |
|
Tim McCall |
+44 20 7390 0230 |
Air Astana тобы туралы
Air Astana Тобы кірісі мен әуе флотының көлемі бойынша Орталық Азия және Кавказ аймақтарындағы ең ірі әуекомпаниялар тобы болып табылады. Топ 2002 жылы алғашқы рейсін орындаған «Эйр Астана» АҚ толық қызмет көрсететін бренд пен 2019 жылы құрылған «FlyArystan» АҚ бюджеттік тасымалдаушысы арасында үлестірілген 60 ұшақтан тұратын әуе кемелері паркін пайдаланады. Топ Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Таяу Шығыс, Үндістан және Еуропа арқылы ішкі, өңірлік және халықаралық маршруттарда тұрақты, тікелей және транзиттік, қысқа магистральдық және алыс магистральдық авиатасымалдар мен жүк тасымалдарын қамтамасыз етеді. «Эйр Астана» АҚ Skytrax World Airline Awards нұсқасы бойынша он үш рет «Орталық Азия мен ТМД-ның үздік әуекомпаниясы» болып танылды және «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік қызмет көрсету» марапатын сегізінші рет иемденіп отыр. FlyArystan екінші рет «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік бюджеттік тасымалдаушы» номинациясында Skytrax сыйлығын алды. Cонымен қатар, «Эйр Астана» АҚ APEX (Airline Passenger Experience Association) ірі әуекомпаниялар санатында бес жұлдызды рейтингке ие. Топтың бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасында, Astana International Exchange (AIX) және Лондон қор биржасында орналастырылған (тикер: AIRA).