2025 жылдың үшiншi тоқсан және тоғыз ай ішіндегі нәтижелерін жариялау туралы хабарлама
Алматы, Қазақстан – «Эйр Астана» акционерлiк қоғамы («Компания» және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге «Топ»), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, 2025 жылдың 30 қыркүйек аяқталған үшiншi тоқсан және тоғыз ай ішіндегі нәтижелерін сейсенбi, 2025 жылдың 11 қарашасында жариялайды.
Air Astana компаниялар тобы
2025 жылдың үшiншi тоқсан және тоғыз ай ішіндегі нәтижелерін жариялау туралы хабарлама
29 қазан 2025
Алматы, Қазақстан – «Эйр Астана» акционерлiк қоғамы («Компания» және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге «Топ»), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, 2025 жылдың 30 қыркүйек аяқталған үшiншi тоқсан және тоғыз ай ішіндегі нәтижелерін сейсенбi, 2025 жылдың 11 қарашасында жариялайды.
Басшылық нәтижелер жарияланған күні, Астана уақыты бойынша сағат 15:00-да тікелей эфир (вебкаст) және сұрақ-жауап сессиясын өткізеді.
Қоңырауға келесі сілтеме арқылы қосылуға болады:
Ағылшын тілінде: Air Astana Q3 Results 2025
Орыс тілінде: Air Astana Результаты за третий квартал 2025
Қазақ тілінде: Air Astana 2025 жылдың үшінші тоқсан нәтижелері
|
Air Astana Тобы Инвесторлармен байланыс қызметі |
|
|
|
|
|
Vigo Consulting (Air Astana Тобының инвесторлармен байланыс және PR жөніндегі халықаралық кеңесшісі) |
|
|
Tim McCall |
+44 20 7390 0230 |
Air Astana тобы туралы
Air Astana компаниялар тобы Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі кіріс көлемі мен әуе кемелер саны бойынша ең ірі әуе тасымалдаушы топ. Компания 62 әуе кемесінен тұратын флотты басқарады, ол 2002 жылы алғашқы рейсін орындаған толық қызмет көрсететін Air Astana әуе компаниясы мен 2019 жылы құрылған бюджеттік FlyArystan әуе компаниясына бөлінген. Компания тұрақты, тіке және транзиттік, қысқа және ұзақ қашықтықтағы жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырады. Маршруттық желісі Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Таяу Шығыс, Үндістан және Еуропаны қамтиды. Air Astana Skytrax рейтингі бойынша Орталық Азия және ТМД-дағы ең үздік әуе компаниясы атағын 14 мәрте иеленді және қатарынан 9 рет Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік әуе компания қызметі марапатына лайық танылды. FlyArystan үш рет Skytrax сыйлығы бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік бюджеттік әуе компаниясы атанды. Сонымен қатар, Air Astana Airline Passenger Experience Association (APEX) тарапынан ірі әуе компаниялар санатында бес жұлдызды рейтингке ие болды. Компания Қазақстан қор биржасында (KASE), Астана халықаралық биржасында (AIX) және Лондон қор биржасында (LSE) AIRA тикерімен листингке енгізілген.