Air Astana BAE Systems компаниясының 9 миллион ҒДҚ сатуын растайды
«Эйр Астана» акционерлік қоғамы («Компания» және өзінің FlyArystan еншілес компаниясымен бірге - «Топ») BAE Systems компаниясы Компанияның шығарылған акционерлік капиталының 10,1%-ын құрайтын 9 000 000 ғаламдық депозитарлық қолхаттың (ҒДҚ) сатылуын сәтті аяқтағаны туралы хабарландыруды назарға алғанын хабарлайды.
18 желтоқсан 2025 ж.
Air Astana: BAE Systems үлесін сату туралы мәлімдеме
«Эйр Астана» акционерлік қоғамы («Компания» және өзінің FlyArystan еншілес компаниясымен бірге - «Топ») BAE Systems компаниясы Компанияның шығарылған акционерлік капиталының 10,1%-ын құрайтын 9 000 000 ғаламдық депозитарлық қолхаттың (ҒДҚ) сатылуын сәтті аяқтағаны туралы хабарландыруды назарға алғанын хабарлайды.
Аталған мәміле нәтижесінде BAE Systems 6 109 982 ҒДҚ көлеміндегі үлесін сақтап, Компанияның негізгі акционерлерінің бірі болып қала береді. Сату нарықтық мәміле арқылы жүзеге асырылды. Мәміле туралы егжей-тегжейлі ақпарат тиісті жария ашуларда қамтылады.
Осы мәміленің нәтижесінде Air Astana акцияларының еркін айналымдағы үлесі ұлғайды. Компания өзінің өсуінің келесі кезеңіне қадам басқан тұста, біз жаңа акционерлердің Топ құрамына қосылуын қуана қарсы аламыз.
Air Astana ұзақ мерзімді өсу стратегиясын іске асыруды жалғастыруда, оған тұрақты операциялық және қаржылық көрсеткіштер, сондай-ақ Компания тарихындағы әуе кемелеріне арналған ең ірі тапсырыстар туралы жақында жарияланған хабарлама қолдау көрсетіп отыр.
Қосымша ақпарат үшін:
|
Air Astana Group |
|
|
Инвесторлармен байланыс жөніндегі қызмет |
|
|
Vigo Consulting (IR және PR сұрақтары бойынша кеңесші) |
Air Astana тобы туралы
Air Astana тобы Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы табыс көлемі мен әуе флотының ауқымы бойынша ең ірі авиациялық топ. Топ 62 әуе кемесінен тұратын флотқа ие, олардың бір бөлігі алғашқы рейсін 2002 жылы орындаған толық қызмет көрсететін Air Astana әуе компаниясына тиесілі, ал екінші бөлігі 2019 жылы құрылған FlyArystan бюджеттік әуе компаниясына тиесілі. Топ Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Парсы шығанағы елдері, Үндістан және Еуропа бағыттары бойынша ішкі, аймақтық және халықаралық желілерде жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырады. Air Astana қатарынан он төрт жыл бойы Skytrax бойынша Орталық Азия және ТМД-дағы үздік әуе компаниясы атанып келеді және тоғыз жыл қатарынан Орталық Азия және ТМД-дағы ең үздік борт қызметі үшін марапатқа ие болды. FlyArystan үш рет Skytrax бойынша Орталық Азия және ТМД-дағы үздік бюджеттік әуе компаниясы ретінде танылды. Бұған қоса, Air Astana АРЕХ (Airline Passenger Experience Association) ұйымының «Ірі әуе компаниясы» санатында бес жұлдызды рейтингін алды. Топ Қазақстан қор биржасында, Астана халықаралық биржасында және Лондон қор биржасында (тикер: AIRA) тіркелген.