Air Astana алыс магистральды әуе паркін дамыту мақсатында Boeing 787-9 ұшақтарына берген тапсырысты ұлғайтты
Алматы, Қазақстан – «Эйр Астана» акционерлiк қоғамы («Компания» және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге «Топ»), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, Boeing компаниясымен 15 Boeing 787-9 Dreamliner ұшағын жеткізу жөнінде келісімшартқа қол қойғанын хабарлайды. Бұл Топ тарихындағы ең ірі тапсырыс, оған расталған бес ұшақ, бес опцион және бес сатып алу құқығы кіреді.
Air Astana алыс магистральды әуе паркін дамыту мақсатында Boeing 787-9 ұшақтарына берген тапсырысты ұлғайтты
7 қараша 2025 ж.
Алматы, Қазақстан – «Эйр Астана» акционерлiк қоғамы («Компания» және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге «Топ»), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, Boeing компаниясымен 15 Boeing 787-9 Dreamliner ұшағын жеткізу жөнінде келісімшартқа қол қойғанын хабарлайды. Бұл Топ тарихындағы ең ірі тапсырыс, оған расталған бес ұшақ, бес опцион және бес сатып алу құқығы кіреді.
Бұл тапсырыс 2026-2027 жылдары жеткізілуі жоспарланған үш Boeing 787-9 ұшағына қатысты келісімшартты толықтырады. Осылайша, жалпы тапсырыс көлемі 18 әуе кемесіне дейін ұлғаяды. Жаңа ұшақтар 2032-2035 жылдар аралығында жеткізіледі. Қозғалтқыштармен қоса есептегенде, 18 Boeing 787-9 Dreamliner ұшағының жалпы каталондық құны 7 миллиард АҚШ долларын құрайды. Келісімшартты Air Astana директорлар кеңесі мақұлдады, қазіргі уақытта қажетті корпоративтік рәсімдер аяқталу үстінде.
«Air Astana алдағы онжылдықта Орталық Азия мен Кавказ өңірінен Азияға, Еуропаға және әлемнің басқа аймақтарына ұшу мүмкіндіктерін кеңейту стратегиясын дәйекті түрде жүзеге асырып келеді. Келесі жылы алғашқы Boeing 787-9 Dreamliner ұшағының жеткізілуі компания дамуының жаңа кезеңін ашады. Dreamliner жайлы салонымен, отын үнемділігімен және әртүрлі бағыттарда тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін икемділігімен ерекшеленеді. Бұл үлгідегі 18 ұшақтан тұратын флот жолаушыларға қызмет пен жайлылықтың жаңа деңгейін ұсынады.» - деді Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостер.
Air Astana компаниясы Boeing әуе кемелерін ұзақ жылдар бойы сәтті пайдаланып келеді. Компания өз қызметін 2002 жылы Boeing 737-700/800 ұшақтарымен бастап, Қазақстан ішіндегі және Орталық Азия елдеріне рейстер орындады. 2003 жылы флотқа Boeing 757-200 ұшақтары қосылып, Азия мен Еуропа бағыттарына алыс рейстер ашылды. Boeing 737 және Boeing 757 ұшақтары 2007 және 2020 жылдары пайдаланудан шығарылды. 2013 жылы компания әуепаркі үш жаңа Boeing 767-300ER ұшағымен толықты, олар бүгінде халықаралық және сұранысы жоғары ішкі бағыттарда қолданылады.
Қосымша ақпарат алу үшін, пожалуйста, хабарласыңыз:
|
Air Astana Тобы |
|
|
Инвесторлармен байланыстар жөнінідегі қызмет Simon Wray (Инвесторлармен байланыстар жөнінідегі қызмет басшысы) |
|
|
Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент
|
|
|
Vigo Consulting (IR және PR мәселелері бойынша кеңесші) |
|
|
Tim McCall Joe Quinlan Amelia Thorn |
+44 20 7390 0230 |
Air Astana компаниялар тобы туралы
Air Astana компаниялар тобы Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі кіріс көлемі мен әуе кемелер саны бойынша ең ірі әуе тасымалдаушы топ. Компания 62 әуе кемесінен тұратын флотты басқарады, ол 2002 жылы алғашқы рейсін орындаған толық қызмет көрсететін Air Astana әуе компаниясы мен 2019 жылы құрылған бюджеттік FlyArystan әуе компаниясына бөлінген. Компания тұрақты, тіке және транзиттік, қысқа және ұзақ қашықтықтағы жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырады. Маршруттық желісі Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Таяу Шығыс, Үндістан және Еуропаны қамтиды. Air Astana Skytrax рейтингі бойынша Орталық Азия және ТМД-дағы ең үздік әуе компаниясы атағын 14 мәрте иеленді және қатарынан 9 рет Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік әуе компания қызметі марапатына лайық танылды. FlyArystan үш рет Skytrax сыйлығы бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік бюджеттік әуе компаниясы атанды. Сонымен қатар, Air Astana Airline Passenger Experience Association (APEX) тарапынан ірі әуе компаниялар санатында бес жұлдызды рейтингке ие болды. Компания Қазақстан қор биржасында (KASE), Астана халықаралық биржасында (AIX) және Лондон қор биржасында (LSE) AIRA тикерімен листингке енгізілген.