Әуе компаниясы Әзірбайжан астанасына тұрақты рейстердің қалпына келтіруі туралы қуана хабарлайды.

Әуе компаниясы Әзірбайжан астанасына тұрақты рейстердің қалпына келтіруі туралы қуана хабарлайды. Ұшулар 2021 жылдың 7 қарашасынан бастап аптасына 2 рет бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

Бейсенбі күні Алматыдан 11:05-те ұшады, Бакуға 12.55-те жетеді. Бакудан қайтар рейс 13:55-те, Алматыға 19:05-те келеді.

Жексенбі күні Алматыдан 18:55-те ұшады, Бакуға 20.50-де жетеді. Бакудан қайтар рейс 21:50-де, Алматыға 03:05+-те жетеді.

Бакуға дейін рейс 3 сағат 50 минутқа дейін және қайтар рейс 3 сағат 10 минутқа дейін созылады.

Әуежай, жанар-жағармай және басқа да салықтарды қосқанда екі бағыттағы эконом-кластағы билеттер құны 172 300 теңгеден басталады.

Бакуға ұшатын Қазақстан азаматтарында, сондай-ақ Әзірбайжанның резиденттері емес жолаушыларда, ұшуға дейін 72 сағат ішінде вакциналау төлқұжаты, сондай-ақ теріс нәтижесі бар ПТР тестінің сертификаты болуы керек. Бір жастан 18 жасқа дейінгі балаларға тек ПТР тестінің теріс нәтижесі туралы сертификат қажет.

Әзірбайжан азаматтарына, Әзірбайжандағы дипломатиялық өкілдіктер мен консулдықтардың қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне және басқа санаттағы азаматтарға ұшуға дейін 72 сағат ішінде жасалған теріс нәтижесі бар ПТР тестінің сертификаты қажет.

Қазақстанда вакциналаудан өтпеген жолаушыларда Қазақстанға келгенде 3 күн бұрын алынған ПТР тестінің теріс нәтижесі бар анықтамасы болуы керек.

Талаптар туралы толығырақ мына жерден оқыңыз:

https://airastana.com/kaz/kk-KZ/Брондау-және-басқару/Брондау/Арнайы-ұсыныстар/Бакуға-ұшатын-рейстер

Алматы мен Баку арасында эконом және премиум эконом-классы бар Embraer 190-E2 ұшақтары қатынайды.