Air Astana Нұр-Сұлтан мен Бішкек арасында тұрақты рейстерді 17 қарашадан бастап жандандыратыны туралы

Air Astana Нұр-Сұлтан мен Бішкек арасында тұрақты рейстерді 17 қарашадан бастап жандандыратыны туралы хабарлайды. Рейстер Embraer E190-E2 лайнерлерімен сәрсенбі мен жексенбі күндері жүзеге асырылып, желтоқсанда дүйсенбі мен жұма күндері де орындалады. Алматы мен Бішкек арасында ұшақ күн сайын қатынайды.

Embraer E190-E2 ұшақтары премиум-эконом және эконом-классымен жабдықталған. Премиум эконом-кластың артықшылықтары қатарында: рейске басым тіркелу, отырғызу және түсіру, жолжүктің ұлғайтылған мөлшері, бизнес-кластың күту залдарына кіру, бизнес-класс тамағы және сусындардың кең таңдауы.

Бішкекке сапар жоспарлаған жолаушылардың, сонымен қатар Қырғызстан Республикасы азаматтарының, транзиттік жолаушылардың және 6 жастан ересек балалардың, ПТР теріс нәтижелі сертификаты болуы қажет. Сертификат ПТР алынған сәттен бастап Бішкекке рейс келгенге дейінгі 72 сағат ішінде жарамды. Бұл талап толық вакцинаяциядан өткен жолаушыларға қойылмайды.

Санитарлық талаптар туралы толық ақпарат әуекомпания сайтында.