Air Astana және PetroChina International Kazakhstan стратегиялық әріптестік туралы Меморандумға қол қойды
Меморандум шеңберінде компаниялар әуекеросинді жеткізу мәселелері бойынша ынтымақтасуға, инфрақұрылымды құру және халықаралық стандартына сәйкес Jet А-1 авиациялық отынға көшу жөніндегі жұмысты жүргізуге келісті.
Меморандум шеңберінде компаниялар әуекеросинді жеткізу мәселелері бойынша ынтымақтасуға, инфрақұрылымды құру және халықаралық стандартына сәйкес Jet А-1 авиациялық отынға көшу жөніндегі жұмысты жүргізуге келісті. Қазақстанда отынның осы түрі өндірілмейтіндігінен компаниялар сондай-ақ Jet А-1 және экологиялық таза авиациялық отынды (SAF) Қытайдың мұнай өңдеу зауыттарынан тікелей импорттау мәселесін талқылады.
Air Astana компаниялар тобының президенті Питер Фостер: «Біз маршруттық желіні белсенді кеңейтіп, әуе паркімізді үнемі жаңа ұшақтармен ұлғайтамыз. Отынмен қамтамасыз ету мәселелерінде серіктестеріміздің қолдауы Air Astana-ның одан әрі өсіп дамуы үшін қолғабыс болмақ. ESG стратегиямызға сәйкес авиацияда инновациялық және экологиялық бастамаларды енгізу ниетімізде тұрақтымыз»".
Jet A-1 - IATA (Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы) стандарттарына сәйкес отын түрі. Jet A-1 әлемдік бренді Қазақстанда қолданылатын ТС-1/РТ маркаларынан өндіріс пен сақтау технологиясымен ерекшеленеді. Жанармайдың артықшылықтары қатарында өрт қаупінің төмендігі, атмосфераға түсетін газдардың құрамы және авиациялық қозғалтқыштарды жөндеу аралық циклінің артуы.