Air Astana келесі жазда Ганновер мен Қостанай арасындағы рейстерді қалпына келтіреді
Бұл маусымдық рейске билеттер сатылымы қазірдің өзінде ашық
Бұл маусымдық рейске билеттер сатылымы қазірдің өзінде ашық
Әуе компаниясы Қостанайдан Ганноверге 2022 жылдың 14 мамыры мен 4 қыркүйегі аралығында сенбі және жексенбі күндері 28 бизнес-клас және 151 эконом-клас орны бар Airbus A320 ұшағында рейстерді орындайды. Рейс ең алдымен туыстары мен достарына барып қайтуға арналған, өйткені көптеген бұрынғы отандастар Төменгі Саксонияда және көрші федералды жерлерде тұрады.
«Біз 2022 жылдың жазында Ганновер мен Қостанай арасындағы маусымдық қатынасымызды қалпына келтіретінімізге қуаныштымыз», - деді Свен Госсоу, Air Astana-ның Германия, Австрия және Швейцария бойынша менеджері. «Осылайша, біз неміс нарығының маңыздылығын атап өтеміз және сонымен бірге өз жолаушыларымызға Қазақстанға саяхаттың тағы бір амалын ұсынамыз.Франкфурттен Нұр-Сұлтанға, Атырауға және Оралға рейстерімізден басқа Ганноверден келетін бағыт маңызды, әсіресе достары мен туыстарын көру - бұл соңғы бір жарым жылда мүмкін емес еді немесе үлкен қиындықтар тұғызған».
KC 924 рейсі Ганноверден 14:55-те ұшып, Қостанайға жергілікті уақыт бойынша 23:50-де келеді. КС 923 рейсі Қостанайдан 12:50-де ұшып, Ганноверге 13:55-те қонады. Жолаушыларда осы бағыт бойынша ертерек тапсырыс берудің тартымды тарифтерін пайдаланудың тамаша мүмкіндігі бар.