Air Astana мен Lufthansa кодшерингтік келісімге қол қойды
Бүгін Air Astana мен Lufthansa кодшеринг келісіміне қол қою арқылы өз ынтымақтастығын кеңейтті.
Астана мен Франкфурт арасындағы Air Astana рейстеріне және Франкфурттан Алматы мен Астанаға Lufthansa-ның рейстеріне келісім 2017 жылдың 26 наурызынан бастап күшіне енеді.
Келісім екі әуекомпанияның да клиенттеріне көп артықшылықпен қолайлы жағдай жасайды. Осылайша, Қазақстан мен Германия арасындағы екі әуекомпаниямен орындалатын 7 күнделікті рейстердің орнына жолаушылар аптасына 14 рейстердің әрбірін пайдалана алады.
Бұл, ең қолайлы рейсті таңдау мүмкіндігіне ие болған транзиттік жолаушылар үшін әсіресе ыңгайлы.
Тасымалдаушы-операторға қарамастан, жолаушылар екі әуежолдарының біреуінің билеті пен кодын пайдаланып, Эйр Астана мен Lufthansa рейстерімен саяхаттай алады.
Эйр Астана президенті Питер Фостер: «Мен Air Astana мен Lufthansa арасындағы кодшеринг келісіміне қол қою арқылы ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынасының нығайтылуына қуаныштымын. Алматымен Астанадан Франкфуртке саяхаттайтын жолаушылар, олардың жоспарлары үшін ең қолайлы рейстердің кең таңдауын және екі әуежолдарының билеттерін пайдалану қарапайымдылығын бағалауға мүмкіндік алады. Бұл қадам Қазақстан мен Германия арасында ұшатын екі әуекомпаниясы және олардың жолаушылары үшін де тиімді болып табылады».
Ресеймен ТМД және Израиль бойынша Lufthansaның бас директоры Аксель Хильгерс: «Бұл код-шеринг келісімі - біздің клиенттер үшін жақсы жаңалық және еуропалықтар үшін Қазақстанды одан да жақындатады. Air Astana және Lufthansa жолаушылары екі әуе тасымалдаушының да кең маршруттық желісіне қол жеткізеді. Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан экономикасы бар елдердің бірі болып табылады, Air Astana біздің жаңа серіктесіміз және Орталық Азиядағы жетекші әуе компаниясы ретінде көруге қуаныштымыз».
Екі әуекомпаниясының неғұрлым қолайлы маршрут желісіндегі байланыстарымен қатар, клиенттер жолжүкті тура тіркеуді қамтамасыз ететін әуе жолының жалғыз кодын пайдалана отырып бір билет арқылы ұша алады.
Жолаушылардың жайлылықтары үшін Air Astana Франкфурт әуежайындағы 1 Терминалға көшеді, бұл тіркеу уақытын және Lufthansa мен басқа да серіктестердің рейстеріне келу уақытын азайтады.