Air Astana мұзға қарсы өңдейтін озық машинаны қолданысқа енгізді
Air Astana әуекомпаниясы Vestergaard (Дания) компаниясынан екі заманауи Elephant® BETA Flex-Liner мұзға қарсы өңдейтін жаңа машинаны қолданысқа енгізді.
Air Astana әуекомпаниясы Vestergaard (Дания) компаниясынан екі заманауи Elephant® BETA Flex-Liner мұзға қарсы өңдейтін жаңа машинаны қолданысқа енгізді. Инвистиция екі миллионнан астам еуро болды. Elephant® BETA Flex-Liner ызғарлы күндері ұшақтарды мұздан тиімді тазартуға көмектеседі.
Машиналар бірегей телескопиялық бүріккіштермен жабдықталғандықтан ұшақ фузеляжын қозғалмай өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өңдеу уақыты үнемделеді әрі рәсім қауіпсіздігі артады. Бүріккіш өңделетін беттерге жақынырақ орналасқандықтан сұйықтық температурасын ұзағырақ сақтайды және сұйықтықты үнемдейді. Сондай-ақ, жаңа машиналардың мұзға қарсы сұйықтықтарға арналған бактар көлемі ұлғайтылған, бұл көбірек ұшақтарға және үстеп құймай қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Air Astana жерүсті қызметі жөніндегі вице-президенті Александр Небога: «Ұшу қауіпсіздігі - біздің тұрақты басымдығымыз. Әуекомпания үнемі авиациядағы озық шешімдерге инвестиция жасауға тырысады. Мұзға қарсы өңдейтін машинамыз ызғарлы климаттық жағдайда ұшақтарымызды қауіпсіз ұшуға дайындауға көмектеседі».
Әуекомпания суық кезеңде қауіпсіздікті және ұшақтарды өңдеу тиімділігін арттыру мақсатында 2026 жылға дейін паркіндегі мұзға қарсы өңдейтін машиналарды жүйелі түрде жаңартуды жоспарлап отыр.