Air Astana-ның Сауд Арабиясына алғашқы рейсі
Әуекомпания бүгін Алматыдан Жидда қаласына алғашқы тұрақты рейсін орындады. Ұшақ 92%-ға толы болды. Осы айда рейстер сәрсенбі және жексенбі күндері орындалады
Әуекомпания бүгін Алматыдан Жидда қаласына алғашқы тұрақты рейсін орындады. Ұшақ 92%-ға толы болды. Осы айда рейстер сәрсенбі және жексенбі күндері орындалады. 1 қарашадан бастап ұшулар сәрсенбі және сенбі күндері, ал желтоқсаннан бастап қосымша дүйсенбі күндері орындалады.
Бұл бағыт бойынша 166 орны бар Airbus A321 LR жайлы әуе кемелері қатынайды. Ұшу ұзақтығы – 6 сағат 50 минут, қайтатын рейс ұзақтығы - 5 сағат 45 минут.
Сервистік алымнан басқа барлық алымдарды қосқанда эконом-кластағы авиабилеттердің ең төменгі құны 325 631 теңге, бизнес-класта – 764 784 теңге.
Қызыл теңіз жағасында орналасқан Жидда порт қаласы, ең алдымен, қасиетті Мекке қаласына қақпа ретінде белгілі. Жиддадан Меккеге әуежайдан тікелей жүрдек пойызбен 30 минутта жетуге болады.
Сауд Арабиясында қажылыққа барудан басқа, Жидданың өзінде туристер елді жаңа қырынан аша алады: бұл мұражайлары, мешіттері мен базарлары бар Аль-Баладтың тарихи көшелері, әлемдегі ең биік субұрқақ, Факих аквариумы, жағалау, және қаланың інжу – маржаны-жағажайлар мен Қызыл теңіздің жылы суы.
Қазақстан азаматтарында Сауд Арабиясына қысқа мерзімде visitsaudi.com сайтында электронды виза алу мүмкіндігі бар.