Air Astana сіздерді 2025 жылғы 6 тамыз күні Астана қаласында орналасқан Astana International Exchange (AIX) алаңында өтетін Эмитент күніне шақырады.

Air Astana Эмитент күніне шақыру

 

Құрметті инвесторлар мен серіктестер, 

Air Astana сіздерді 2025 жылғы 6 тамыз күні Астана қаласында орналасқан Astana International Exchange (AIX) алаңында өтетін Эмитент күніне шақырады.

Іс-шара барысында 2025 жылдың 30 маусымында аяқталған екінші тоқсан мен алты айдың қаржылық нәтижелерімен қатар Air Astana компаниялар тобының негізгі жетістіктері, жоспарлары мен даму стратегиясы таныстырылады.

Презентацияны Air Astana-ның Бас атқарушы директоры Питер Фостер және Қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел өткізеді. Сіздерге Топтың басшылығына тікелей сұрақ қойып, даму жоспарлары жайлы ашық әңгімелесуге мүмкіндік беріледі.

Өткiзiлу орны:

Astana International Exchange (AIX)

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/19, С 3.4 блогы

Уақыты: 13:00 – 16:30 (Астана уақыты)

13:00 – 14:00 Қонақтарды тіркеу

14:00 – 16:30 Презентация және сұрақ-жауап сессиясы

Қатысатыныңызды 2025 жылғы 1 тамызға дейін investor.relations@airastana.com электронды поштасы арқылы растауыңызды сұраймыз.

Сіздерді іс-шарамызда көргенімізге қуанышты боламыз!

 

Air Astana Эмитент күніне шақыру

 

Құрметпен,

Air Astana