Air Astana қазақстандықтарды Украинадан алып шығу үшін репатриациялық рейстерді орындады

Әуекомпаниясы 28 ақпанда Airbus ұшағымен Катовице қаласынан Алматыға 175 жолаушыны, 1 наурызда Нұр-Сұлтанға 120 жолаушыны жеткізді.

Әуекомпаниясы 28 ақпанда Airbus ұшағымен Катовице қаласынан Алматыға 175 жолаушыны, 1 наурызда Нұр-Сұлтанға 120 жолаушыны жеткізді. Барлық отандастар Қазақстан үкіметімен келісім бойынша үйлеріне ақысыз тасымалданады.

23 ақпанда вице-президент Александр Небогамен бірге репатриация рейстерін ұйымдастыру үшін соңғы тұрақты рейсімен Киевке барып, соның бірінші рейсімен оралған әуе компаниясының президенті Питер Фостер былай деді: «Шекарадағы жағдай өте қиын. Мен мұндайды бұрын-соңды көрген емеспін және енді ешқашан көрмеймін деп үміттенемін. Онда шекарадан өтпек болған қыруар жан. Елші мен елшілік қызметкерлері қолдау көрсетпегенде одан бетер сонда ұстап қалар едік. Барлығын сол жерден шығарып болғанша біз репатриациялық рейстерді орындаймыз».

Украина әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana Киевке ұшатын барлық рейсті кем дегенде 2022 жылдың 7 наурызына дейін тоқтатты. 22 ақпан – 7 наурыз аралығында ұшатын рейстер бойынша билеттерді 31 наурызға дейін тегін қайта брондауға немесе құнын қайтаруға рұқсат. Киев бағытындағы рейстер туралы ақпарат airastana.com сайтында жаңартылып тұрады.